Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында оқу курсы өткізілді


4 февраля 2019, 04:27 | 1 110 просмотров



«Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында оқу курсы өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарынан 01 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі - ОӘО) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің» кызметкерлерін рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді. 
Курстың мақсаты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің» қызметкерлерін сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға оқыту, «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған заттарды табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты.
Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» курсы өткізілді. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау барысында заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін, қауіпті ықтимал жағдайындағы жолаушыларды анықтау арқылы, заңсыз әрекеттерді болдырмау және анықтау мақсатында профильдеу әдістерімен танысты.
Қатысушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық товарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады.
Осы курстың дәріскерлері ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері Қасымқұлова Л., Ктанов Е. және Айтжанов Д. болып табылды.
Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, өткізу пункттері арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.
Арнайы оқу курсы белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.
Курс соңында оқутудан өткен қызметкерлерге сертификаттар табысталды.