Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Латынға көшу-жаңғырудың бастауы


4 февраля 2019, 09:57 | 2 789 просмотров



Латынға көшу-жаңғырудың бастауы
Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылында «№ 12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ-де 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 42-42/55411 шығыс хатына сәйкес Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты жолдауына байланысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Б.Қ.Қуатова, Г.А.Асимова, Э.Ж.Молдабаева 9-11 сынып оқушылары арасында 25.01.2019ж. күні«Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, латынға көшудің тиімді жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.Ал 28.01.2019жылы «Латынға көшу-жаңғырудың бастауы» тақырыбында шығарма жазу байқауы өткізілді.Тексеру қорытындысы бойынша үлгілі деп танылған жұмыстарға жүлделі орындар берілді. Әр сыныптан үздік деп табылған үш оқушының шығармасы қалалық білім бөліміне жіберуге ұсынылды.