Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы»


5 февраля 2019, 03:31 | 2 515 просмотров



Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Қасымбекова А.Ж. ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы» тақырыбында Алатау аудандық прокуратурасы, Алатау аудандық әкімдігінің басшылары мен мектеп директорлары, мектеп психологтарының қатысуымен №91 ЖББМ мәжіліс залында семинар өткізілді. 
Іс-шара мақсаты: оқу-тәрбиелеу процесін психологиямен тығыз байланыста қарастыру, білім беру процесіде оқушылар денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу. 
Бұл семинарда қаралған мәселелер: Алатау ауданы психологтары туралы мәліметті №182ЖББМ психологы Балтабаева А.С. таныстырып, баяндады. Мектеп психологы қызметіндегі психопрофилактика, психодиагностика бағыттары бойынша атқарылған жұмысты №196 ЖББМ психологы Орманова С.Ж. таныстырып, құм терапиясының маңыздылығын айтып және көрсетті. Мектеп оқушылары арасында кездесетін интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша өткізілген жұмыс барысымен №179 ЖББМ психологы Умбетова Д.Ж. түсіндіріп, семинар қатысушыларымен психологиялық жаттығулар жасады. Мектеп психологы қызметіндегі психокоррекциялық бағыты бойынша жұмыс барысымен №152 мектеп-гимназия психологы Азахунова М.Ш. түсіндіріп, практикалық жұмыстардан үзінді ретінде бейнетаспа көрсетті. Бейнетаспада мектеп жасындағы оқушылардың құқықбұзушылықтың алдын алу және мейірімділікке, ізгілікке, жан-жылулығына тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы №1 Балалар үйі, №3 Қарттар үйіне мектептен тыс ұйымдастырылған іс-шара көрсетілді. Мектеп психологы қызметіндегі психологиялық кеңес беру бағыты бойынша эксперименттер көрсетіп, семинар қатысушыларына жаднамалар үлестірді.
№178 лицей психологы Ағажанова Ж.А. «Жақсы қасиет-жан азығы» тақырыбында психологиялық тренингті №182 ЖББМ психологы Мусанова М. және №152 мектеп-гимназия психологы Абдирахманова А.К. жүргізді. Семинарға қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісіп, Білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгуль Жумабековнаға алғыстарын білдірді. Мектеп басшылары осындай психологиялық іс-шаралар жиі ұйымдастырылсын деген ұсыныстарын білдірді.