Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Бүгін менің туған күнім ой бəлі-ай" атты ақын өлеңдерінен мəнерлеп оқу байқауы өткізілді.


11 февраля 2019, 10:19 | 1 036 просмотров



Бүгін Қаракемер ауылдық мəдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Бүгін менің туған күнім ой бəлі-ай" атты ақын өлеңдерінен мəнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға жергілікті мектеп пен колледж жасөспірімдері қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау барысында əрбір қатысушы ақын ағамыздың 2 өлеңін мəнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Байқауға төрелік еткен əділ қазы алқалары Еңбекшіқазақ ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шарғынова Балауса Ақатайқызы, бөлімнің жетекші маманы Канапина Ақмарал Абдоллақызы жəне Қаракемер ауылдық мəдениет үйінің көркемдік жетекшісі Оңашқан Ерқуат ағамыз қатысушыларды тек қана мəнерлеп оқу бойынша ғана емес, сахна мəдениеті мен сахналық киім кию мəдениеті бойыншада бағалап, жақсы өнерпаздарға оң бағасын беріп отырды. Нəтижесінде қатысушылар жүлделі I, II, III орындармен алғыс хаттарына ие болды.