Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды


12 февраля 2019, 09:39 | 1 027 просмотров



АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылардан құралған екі команда Лондонда робот техникадан өткен «VEX Robotics Competition 2019» жарысына қатысып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында Ұлыбритания астанасында өткен халықаралық жарысқа барлығы 32 команда қатысты. Оның 24-і Ұлыбританиядан, 6-уы Түркиядан және 2-уі Қазақстаннан. Біздің елден қатысқан екі команданың бірі ұлдардан құралған, оның құрамында Бақтияр Теміров пен Жәнібек Манабеков болса, екіншісі қыздар командасы , онда Дильназ Қамалова, Любовь Дудченко және Малика Бөрібаева есімді жерлестеріміз болды.


Ұлдар командасы жұптық жарыста 2 орын иеленсе, ал жеке жарыста (Skills challenge) жігіттер 1 орынды қанжығалады. Қыздар да командалық есепте 2 орынға тұрақтап, одан бөлек сайыс төрешілері қыздардың жұмысын жоғары бағалап, үздік дизайн (Judges Award) ерекше сыйлығын табыс етті.

Осылайша, қазақстандық оқушылар командасы Лондонда өткен робототехника бойынша өткен жарыстан (Skills Challenge and Judges Award) екі 1 орын және екі 2 орын жүлдесімен оралды.



Автор:
www.inform.kz