Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстандық ғалымның ғылыми еңбегіне сұраныс артуда


14 февраля 2019, 05:04 | 2 208 просмотров



Әлемдегі ең ірі «Springer Nature» баспа үйінің мәліметі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» («Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер») монографиясы ең көп сұранысқа ие болып, танымалдығы артып келеді. Ғ.Мұтановтың ғылыми жұмысы 2017 жылы баспа үйінің ең әйгілі кітаптар қатарына енген, ал оның электрондық нұсқасын 13 мыңға жуық қолданушы көшіріп алған. Бұл баспа үйінің ең үздік көрсеткіштерінің бірі. Мұндай жоғары рейтинг аталмыш зерттеудің өзектілігін және қазақстандық ғалымның ғылыми жұмысының жоғары халықаралық деңгдейде мойындалуын байқатады. Монография өз кезегінде экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш тарапынан жоғары бағаланып, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді модельдеу және басқару бойынша ең үздік жұмыс ретінде «Springer Nature» компаниясы тарапынан Германиядағы «Frankfurter Buchmesse» халықаралық кітап көрмесінде таныстырылған. Қаржы және экономика ғылымдарының соңғы үрдістері халықаралық журналында (IJLTFES) Лиссабон университетінің танымал ғалымы, профессор Мануэль Альберто М. Феррейра бұл монография экономист, математик, практик және басшылар үшін аса маңызды әрі таптырмайтын ғылыми жұмыс екенін атап өткен.



Автор:
www.inform.kz