Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖОО бітіргендердің көпшілігі судья болғысы келмейді - ҚР Жоғарғы сот төрағасы


14 февраля 2019, 09:00 | 1 374 просмотра



АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Сот төрелігі академиясын тәмамдағандардың судьялыққа баруға ниеті жоқ екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат


Сот академиясына қатысты жағдайға тоқталсақ, қазір оқу орнын тәмамдағандардың көбісі судьялыққа барғысы жоқ. Екі жыл бойы мемлекеттің есебінен білім алады, бұрынғы жұмыс орнынан жақсы шәкіртақы алады. Бірақ оқуды аяқтағаннан кейін, судья болғысы келмейді», - деді Ж. Асанов Парламент Сенатының жалпы отырысында. Оның сөзіне қарағанда, былтыр академияны 62 магистрант бітірсе, соның төртеуі судья болған. «Сонда екі жыл уақыт пен оған бөлінген қаражат, өткізілген тағылымдама босқа кетті дегенді білдіреді. Осы орайда тиісті ұсынысты дайындадық. Академияны тәмамдағандар судьялыққа өтпесе, онда конкурссыз сот аппаратына немесе судьялардың көмекшісі ретінде алуға жол ашсақ. Сонда бұл кадрлар өзімізде қалып, тәжірибе жинап, келешекте судья болуға өзін дайындайтын болады», - деді Жоғарғы сот төрағасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заңның мақсаты сот жүйесін жаңғырту, судья кадрларын сапалы дамыту және жаңартуға негізделіп отыр.



Автор:
www.inform.kz