Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Университеттің білімді жастарының жетістіктері


15 февраля 2019, 03:15 | 2 089 просмотров


Кез- келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір  білімді өрен өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгетінін ескерсек, оларға  сапалы білім беру жоғары оқу орындарының  басты мақсаты.

 І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінде  білімді  жастарға барынша қолдау көрсетілуде.  2017-2018 оқу жылында білім ордасының студенттері республикалық пәндік олимпиадаға,  жоғары білім беретін  оқу орындары арасындағы студенттердің  республикалық  ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен байқауларға қатысып, ауыз толтырып  айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Атап айтар болсақ, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті М. Бондарь   Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткізілген байқауда 2 орынға (жетекшісі  Г.Майлыбаева ), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті  А. Идигова 3 орынға (жетекшісі С.Машанова) және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Аударма ісі» мамандығының студенті Б. Ерғалиева 3 орынға ие болды (жетекшісі А.Рыскиева), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері  А.Құспанова,  А.Мұқат  жүлделі  3 орын алды (жетекшісі  Г. С. Майлыбаева), Спорт және туризм академиясында өткен байқауда «Туризм» мамандығының студенті  М.Қудайбергенова   2 орынды иеленді (жетекшісі Т.С.Мусина ).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астана қаласында өткізілген байқауда «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті  М.Бондарь -екінші,  А.Құспанова мен А. Мұқат (жетекшісі Г.С. Майлыбаева)  3 орынды  иеленді. Ал «Дефектология» мамандығының магистрі  Мария Шмидт  (жетекшісі  Н. Н.Ханина) Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың республикалық байқауында 2 орынға қол жеткізді.