Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қош келдің,Жаңа жыл!


15 февраля 2019, 05:57 | 1 075 просмотров



Жүргізуші:

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да,

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға.

Ертеңгілік басталсын,

«Қызғалдақ» тобында!

Музыка әуенімен балалар ортаға кіреді.

Тәрбиеші:    Әкелсін жыл  ырыс-құт

                      Әлемде болсын тыныштық

                     Жаңа жылым тамаша

                     Ән салайық жаңаша!

Ән «Жаңа жыл»

Жалмауыз кемпір: кіреді сібірткесімен ұшып келеді,қолында себеті. Мен немеремнің үйіне жеталмай алыстан ұшып келемін.Мен қайда кіріп кеттім.Бәрің әдемі болып кетіпсіңдер.шаршадым біраз тынығып алайын деп отырады тоқып отырып ұйықтап кетеді.

Би: « Мысықтар биі»

Жалмауыз кемпір шығып кетеді

Мысық кіреді. Мияу,мияу ,иіскелеп мына жерден тышқанның иісі шығатын сияқты.Тышқандар қайда деп іздейді,жылы жер екен менің ұйқым келіп тұр деп ұйықтап қалады.

Би :  «Тышқандар биі»

Мысық :  оянады, мияу ,мияу,мен қараңғыдан қорқамын ,бұл жерде қандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші: балалар, біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі! (Бәрі бірге айтады)

Мысық : Ендеше шыршаларың неғып жанбай тұр?

Жүргізуші:балалар шырша шамын жағу үшін кімді көмекке шақырамыз?

Балалар:Аяз ата мен Ақшақар .2-3рет

Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата сөзі :

Құтты болсын ,балалар,

Келген жаңа жылымыз.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп ұл,қыздарым.

 Өтекен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өтткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы?

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды ,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен.

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын,тақпақпын.

 Жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар біздің жаңа жыл мерекемізге, қош кедіңіздер! Біздің  бүгінгі мерекемізде шыршамыз жанбай тұр, көңілді өткізуге көмектесесіздер ме?

Аяз ата:Мен сиқырыммен қазір көмектесейін қане балалар барлығымыз бірге айтайық, аяз ата шыршаны айналады (1,2,3)

Балалар:Қуант бізді таңырқат,шамдарыңды жарқырат.

Шырша шамы жанады.

Жүргізуші: Міне ,керемет, шыршамыз да жарқырап жанды . Енді көңілді әнмен мерекемізді жалғастырайық.Аяз атаға арнаған әнімізді айтып берейік.

 Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Ал,балалар,тұрмайық Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Мысық: (иіскелеп, мына жерден иттің иісі шығады мен иттен қорқамын ит келгенше қашып кетейін.)шығып кетеді

Ит:иіскелеп мына жерден мысықтың иісі шығады,мысық қайда?иіскелеп аяқ киімді тауып алып шығады.

Айта берсе таусылмас,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Кел оданда, балалар(халайық).

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»

Шарты: Ойынға екі бала шығады. Біреуі оң ,біреуі сол аяқты  киеді,әуенмен билеп, шыршаны айналып,ортаға бірінші жетуқажет.(алдымен ата-аналар ,содан кейін балалар).

Жүргізуші:Балалар, жарайсыңдар өте тамаша ойын ойнадыңдар

 «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызбен бір би билейік.

Би: «Күшіктер биі»

Ит: Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар

Жүргізуші:-Шынымен,балалар,біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл жаңа жылға орын сыйлағысы келіп тұр, олай болса сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

Балалар:бәрі бірге:Қош ,қош,ескі жыл.

Ит:сау болыңдар балалар .

Жүргізуші:Енді балалардың орындауында ,жаңа жылға арналған ағылшынша әнін тамашалаңыздар.

Ән: «Ағылшынша»

Жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Көрсін біздей балғынды.

Шырқатайық ән- жырды.

Ән:  «Жаңа жыл!»

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым!Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі!Енді мен сендерге өзімнің сыйлығымды берейін! Менің көмекшілерім қайда ?Сыйлықтарды алып келіңдер! Сыйлықтарды береді балаларға.

Біздің Сыйлығымызға риза болыңдар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқада балалардың өнерін тамашалайық.Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар :Сау болыңыздар!

Автор:
Карлыгаш Канагатова, «Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы» МКҚК ересектер тобының тәрбиешісі. Талдықорған қаласы