Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскердегі сарбаз “өзін-өзі атып өлтірді”


22 февраля 2019, 05:42 | 2 253 просмотра



20 ақпан күні Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінің сарбаздары Долинка кентіндегі түзеу колониясының аумағынан өлі сарбаздың денесін тапты. Бұл туралы әскери бөлімшенің баспасөз қызметі хабарлады. 

“Екінші атқыштар батальонының әскери борышын өтеуші азамат қылмыстық-атқару жүйе мекемесінің күзет қызметінде тұрған. 2000 жылғы сарбаз өзін-өзі жарақаттап, оқиғаның соңы өлімге әкелген. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, – делінген ресми хабарламада.

18 жастағы борышын өтеушінің басына оқ тиіп әп сәтте қайтыс болған.

 Гүлнәр Күндібаева, туысы: 

– Ол өзіне қол салмайды. Тәрбиесі жақсы бала. Әскерге баруды армандайтын. Кейін әскери адамнемесе полиция қызметкері болам деп жүретін.

Мақсұт Жүсіпбеков, 6505 әскери бөлім командирінің орынбасары м.а:

– Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз. 

6505 әскери бөлімінде 2013, 2014 жылдары да бірнеше сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген. Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып кетті.

Автор:
http://kazaknews.kz