Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті ұстаздар! Қадірлі әріптестер!


1 октября 2010, 17:45 | 1 817 просмотров



Алматы облысының білім басқармасы Егемен еліміздің білімді, озық ойлы жас ұрпағын тәрбиелеп, еңбектеніп жүрген бүкіл облыс педагогтарын қазыналы қоңыр күзбен қатарласа келетін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз!», – дейді Елбасымыз. Сіздердің бүгінгі істеріңіз осы бағыттың алдыңғы қатарында екенінде күмән жоқ. Оған – түрлі Республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген шәкірттеріміз куә.

Қай заман, қай уақытта болмасын, мемлекеттердің беделі мен абыройы білім беру саласына байланысты.

Құрметті ұстаздар!

Уақыт алдында зор жауапкершілігі бар маңызды да мәнді міндетті, заман ағымынан қалдырмай жаңғыртып, жаңашыл бағытта еңбек етіп, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің мерейлі болуына жан аямай ат салысып жүрген, Сіздердің, баршаларыңыздың еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

Автор:
Л.Т.БАЗАРҚҰЛОВА, Облыстық білім басқармасының бастығы