Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алимент төлемегендердің көліктері тартып алынуда


25 февраля 2019, 10:16 | 1 182 просмотра



Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алимент төлемей жүргендермен күрестің нәтижелері туралы айтты. 

Өңір басшысының айтуынша, өткен аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі жеткізілген. «Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты. Тағы бір борышкер қарызының орнына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады», — деп жазды Б.Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында. Еске салайық, облыс басшысы көпбалалы аналардың мәселесі бойынша бір апта бұрын өткен жиында алименттен жалтарып жүргендермен күрес жүргізілетінін уәде еткен болатын. Сонымен қатар ол өз балалары алдындағы міндеттен ешкім құтылып кетпеуі үшін сот орындаушылардың жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін жұмылдыруды тапсырды.

Автор:
http://jasqazaq.kz