Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Үкіметтің отставкасы кезекті көз алдау»


25 февраля 2019, 10:37 | 1 245 просмотров



Үкіметтің ауысқанынан ешқандай да үміт күтудің қажеті жоқ. Нағыз саясат жоқ жерде осындай имитациялар болып тұрады. Бақытжан САҒЫНТАЕВ үкіметінің отставкасына қатысты Жас Алаш тілшісіне  саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫ осындай пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ аузынан «Үкімет отставкаға кетуі тиіс» деген сөз шыға сала, премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ орын тағын босата салды. Асқар МАМИН Үкімет басшысының міндетін атқарушы болып шыға келді. Үкімет мүшелері де «ИО»-ға айналды.

«Үкіметтің кезекті рет ауысуы кезекті бір политтехнологиялардың бірі.  Қазір елдегі жағдай оңай емес. Экономика, қаржы саласы дағдарысқа ұшырап жатыр. Халықтың наразылығы ұлғайып барады. Бұл проблемаларды оңтайлы шешетін бізде саяси институттар жоқ. Нағыз саясат жоқ жерде оның орнын осындай имитация басады. Оның орнын көз алдау басады. Әйтеуір қоғам пікірін басқаға аудару. Әйтеуір жоғарғы жақта бір өзгерістер болып жатыр дегенді көрсету. Бұл соның бір көрінісі. Бұған бір үмітпен қарауға болмайды», — дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ, қоғамда жиі айтылып жүрген транзит мәселесіне қатысты да Расул Жұмалы өз ойын білдірді.  

«Үкіметтің отставкасынан билік транзиті болады деп айта алмаймын. Жақын арада болатын түрі де жоқ. Билік ауысу үшін президент тарапынан саяси ерік жігер болу керек қой. Қазір ондай ерік жігердің қандайда бір ізі байқалып отырған жоқ. Президент саясаттан кетпейтінін талай мәрте айтты.»

Саясаттанушы көп ұзамай осы құрам көп өзгермей министрлер кабинетіне қайта оралады дейді.

«Үкімет мүшелері, парламент депутаттары өздерін президент көмекшісіміз, сарбазымыз деп сан рет айтқан. Бір нәрсенің өзгеруі екіталай. Үкімет талай рет ауысты ғой. Ауысқан сайын жаңа бір леп болды, жұмысы оңтайлы болды деп айта алмаймын. Қазір барлық сала оңып тұрған жоқ. Оның үстіне үкімет құрамы өзгерсе де сол баяғы 80-90 пайыз бұрынғы шенеуніктер министрлер кабинетіне қайта оралады. Сөз жүзінде өзгеріс болғанымен іс жүзінде сол қалпы қалады. Бұл өзгеріс ешқандай реформанының болатынын меңземейд

Автор:
zhasalash.kz