Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Абаев жаңадан жасақталған министрлікті басқарады


25 февраля 2019, 17:51 | 1 176 просмотров



Астана, BAQ.KZ. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды, деп мәлімдеді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Комитет отырысында қарастырылды.

Талқылаудан кейін Абаев Дәурен Әскербекұлының кандидатурасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы тұжырымдама бекітілді.

 

Дәурен Абаев бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарған болатын

Автор:
baq.kz