Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Елбасы Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты


15 марта 2019, 03:23 | 1 097 просмотров



Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен «Zayed Sports City» стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 14-21 наурыз аралығында Әбу-Даби қаласында өтетін Арнайы Олимпиада ойындары – Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы.  Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысуда. Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, бас­кетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.

Автор:
http://www.egemen.kz/