Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Байтерек» балабақшасы «Балдырған


15 марта 2019, 03:46 | 2 349 просмотров



Құрметті де, ардақты да, аяулы №12 «Байтерек» балабақшасы «Балдырған» тобының тәрбиеші –ұстазы Сандуғаш Әбубәкірқызы ШИДЕРБАЕВА!

Жыл мезгілінің көктем  мерекелерімен құттықтай отырып, Сізге жоғары кәсіби дәрежеңіз үшін, балаларымызға деген сүйіспеншілігіңіз үшін үлкен алғыс айтамыз!  Біздің балалардың екінші үйі болып кеткен балабақшада оларға жақсылық пен жамандықты айыруды, қоршаған ортаны танып білуді , өнер – білімдерін дамытып достықты қадырлеуді  үйреткеніңіз үшін де көп-көп алғыс ! Әр бір баланың  ғана емес, ата-ананың  да көңілінен шығу өте ауыр үдеріс болса да кез келген жағдайда ортақ шешім қабылдай алатын қабілетіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін рахмет!  Әрбір күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, көңіл-күйіңіз көктемдей болсын! Бақ-береке мен толағай табыс  тілейміз!

Автор:
Құрметпен, «Балдырған» тобы балаларының ата-аналары!