Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Руханижаңғыру –болашаққа бағдар»


15 марта 2019, 03:52 | 997 просмотров


Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел» . Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады.

Әр мемлекет, әр халық ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдауымыз керек.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды тереңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын,  көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған  құжат деп білем.

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең,ауқымы кең, ұлт руханиятын ххI ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, мәдениет, білім мен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымыз тайға таңба басқандай даралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті ол – құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана жететіндігін айтты.Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

     Ендеше, рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік.

Автор:
Мақпал КҰРМАНҒАЛИ, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі. Көксу ауданы