Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Ұлы даланың мұрагерлері»


15 марта 2019, 04:07 | 2 742 просмотра



Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға таныстыру мақсатында «Ұлы даланың мұрагерлері» тақырыбында 8 «В» сыныбымен тәрбие сағаты өткізілді. Ондағы мақсатым, оқушыларға өз тілін, елін сүйе білуге, елдің тірегінің бірі - тіл екендігін дәріптеу. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, жас ұрпақтың тілін, ділін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ елі, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдарды ұрпақ санасына сіңіріп, уақыт көшімен қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгіні туралы мағұлмат беру. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазған. Тәрбие сағатында оқушылар жеті топқа бөлініп  «Ұлы даланың жеті қыры» туралы ойларын қағазға түсіріп, өз ойларын ортаға салды

Онда топқа бөлінген оқушылар өз ойларын сурет, сызбалар арқылы көрсетті. Әсіресе алма мен қызғалдақтың  отаны Алатаудың баурайы екенін ғылыми түрде дәлелденгенін айтып өтті. Осы жемістің тарихи символы ретінде еіміздің оңтүстігіндегі Алматы қаласы екенін білетіндерін айтты.

Қорыта келе Елбасы мақаласынан әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет екендігін білді.   Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазынасы екенін. Сол тарихи, әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамытуға алдарына мақсат қойды

Автор:
Г.Т Мұқанова, Талдықорған қаласы Еркін ауылы «Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-нің 8 в сынып жетекшісі.