Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" атты кездесу.


18 марта 2019, 04:37 | 4 181 просмотр



2019 жылдың наурыз  Көкжиде ауылында Ерікті орта мектебінде жастар ісі жөніңдегі әдіскер нұсқаушысы мен полиция аға лейтенанты А.Сырғабаев 9-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында оқушыларға құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігетінімізді түсіндіре отырып, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеуге тиістігін атап өтті. Мектеп қабырғасында, жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ынталарын арттырды. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Автор:
Сарқан Ауданының Жастары