Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ел тарихына алтын әріппен жазылатын есім


26 марта 2019, 03:11 | 1 537 просмотров



«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары Мәу­лен Әшімбаевтың төраға­лы­ғымен Қазақстан Респуб­ли­касының астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп қай­та атауға қолдау білді­ру мақсатында Демокра­тиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өткізілді. Онда 6,5 миллион қазақстандықтың мүддесін білдіретін коали­ция мүшелері ел тарихын­дағы ең маңызды әрі аса жауапты бұл шешімнің мәніне тоқталып, оның әрі қарай дамуымызға тигізер әсері жайында сөз қозғады
Отырысты ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары қазіргі таң­да Қа­зақстан халқының тари­хи кезеңді бас­тан кешіріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол Елбасының өзі­нің президенттік өкілеттігін тоқ­­тату туралы шешімі бір сәт­те қа­былданбағанын, ол үшін Тұң­­ғыш Президентіміз ұзақ ой­ланып, барлық мәселені сара­лап, салмақтағанына назар аударды. – Елбасы қашанда ел мен ха­лықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс ше­шімдер қабылдайды. Қазақ­стан халқы үшін Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің есімі әрдайым мем­лекеттілік, егемендік және тәуелсіздік сияқты аса ма­ңызды құндылықтармен бір қа­тарда тұрады. Қазірдің өзінде Ел­басының есімі тәуелсіз мемле­ке­ті­міздің негізін қалаушы, бар­лық реформалардың авторы, әлем­дік деңгейдегі саясаткер ретін­де тарихымызға алтын әріптер­мен жазылатыны сөзсіз, – деді М.Әшімбаев. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасының Қазақ­станды Кеңес Одағының артта қалған республикаларының бірі­нен заманауи, дамыған, бүкіл әлем білетін алдыңғы қатарлы мем­лекетке айналдырғанын айт­ты. Оның сөзінше, Елба­сы­мыз­дың экономикалық және сая­си ре­формалары мен ауқымды жаң­­ғыру бағдарламасы еліміздің жан-жақты дамуын қамтамасыз етті. – Халықтың әл-ауқатының еселеп өсуі де Нұрсұлтан Әбіш­ұлының ерен еңбегінің басты жетістіктерінің бірі. Тұңғыш Президентіміз үнемі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жастар мен көп балалы отбасыларды қолдауға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға көңіл бөліп, бас­ты назарда ұстап келді, – деді М.Әшімбаев. Сондай-ақ ол қазіргі таңда бүкіл әлем елімізді бітімгершілік бастамалары арқылы да өте жақсы танитынын және астанамыздың ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылап, оң шешім шығаратын ха­лықаралық орталыққа айнал­ғанына назар аударды. – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің негізін қа­лаған, қазақтың мемлекеттілігін қайта жандандырған ұлы тұлға ре­тінде мәңгі қалады. Сол себеп­ті, қазіргідей тарихи кезеңде қазақ­стандық қоғам бірлікті ту етіп, Елбасының стратегиялық сая­сатының аясында әрі қарай бірі­гуі тиіс және қоғамымыз Тұң­ғыш Президентіміз анықтап бер­ген жолмен жүріп, өзінің бір­тұтастығын көрсетуі қажет, – деді М.Әшімбаев. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасының ерік-жігері мен табандылығының арқасында тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан Қазақ­станның барлық жеңістері мен жетіс­тіктері Тұңғыш Президентіміз­дің есімімен тығыз байла­ныс­­ты екенін тілге тиек етті. Сон­дық­тан Мәулен Әшімбаев Нұ­р­сұл­тан Назарбаевтың ал­дағы уақыт­та да Елбасы, Қауіп­сіз­дік Кеңесінің Төрағасы, «Nur Otan» партиясының Төр­аға­сы, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Төрағасы, Консти­туция­лық Кеңестің мүшесі ретінде ел­дің стратегиялық дамуына ай­рықша ықпал ететін ұлы тұлға болып қалатынын, оның өз өкі­леттігін тоқтату туралы шешімі де заңға сәйкес екенін айтты. – Бұл игі іс ішкі тұрақтылық­ты нығайтып, Қазақстанның халықаралық абырой-беделін арттыра түседі. Елбасының бұл тарихи шешімі болашақ саясаткерлерге үлкен үлгі-өнеге екені сөзсіз. Осылайша Қазақ елі заманауи, құқықтық және демо­кратиялық мемлекет құру жолында аса маңызды қадам жасады, – деген М.Әшімбаев осындай сәтте барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, бірлік пен тұрақтылықтың жарқын үлгісін көрсету керектігін айтты. Сондай-ақ астанамызға Ел­басы есімін беру еліміздің даму жолында Тұңғыш Прези­дент саясатының одан әрі жалға­сатынын көрсететін маңызды шара екенін айтқан М.Әшімбаев осылайша қазақстандықтар Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­станның негізін қалаудағы және оның астанасын салудағы ерен еңбегіне құрмет көрсетіп отыр­ғанын жеткізді. «Nur Otan» пар­тиясы Төраға­сының бірінші орынбасары ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи шешімді барлық негізгі саяси партиялар мен қоғам­дық күштер қолдап отырғанын, оған демократия­лық күштердің жалпыұлттық коа­лициясының бүгінгі отырысы дәлел екенін тілге тиек етті. Отырысқа елдегі жетек­ші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының, кәсіби және қоғамдық бірл­естіктердің өкілдері қатыс­ты. Жиын барысында коалиция мүшелері елордамызға Елба­сы есімін беру туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстан коммунистік халық партиясының хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков, «Ауыл» халықтық-демократиялық пат­риоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, «Бірлік» сая­си партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Халық Қаһар­маны, «Қарулы күштердің ар­да­герлері» республикалық қоғам­дық бірлестігі үйлестіру ке­ңесінің төрағасы Мұхтар Ал­тынбаев, Елбасының бес әлеу­меттік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөнін­дегі қоғамдық кеңестің төраға­сы, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұма­ғұлов, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орын­басары Қазыбек Иса, «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер пала­тасы­ның басқарма төрағасы Абы­лай Мырзахметов, Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Кәсіп­одақ­тар федера­циясының төр­аға­сы Бақытжан Әбдірайым және «Qazaqstan ardagerleri» қауым­дастығының төрағасы, Пар­ламент Мәжілі­сінің депутаты Бақыт­бек Сма­ғұл сөз алып, Елбасы есімінің елордамызға берілуі ел дамуының жаңа кезе­ңін анықтайтын аса маңызды қадам екенін айтты. Іс-шара соңында барша қазақ­стандықты Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті айқын­даған елдің стратегиялық басым­дық­тары­на сөзбен де, іспен де то­лық қолдау көрсетуге және Ел­басының тәуелсіздікті күшей­туге, елді жүйелі жаң­ғыр­туға, сон­дай-ақ әрбір қазақ­стан­дық­тың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға, астанамыздың атауын өзгерту туралы тарихи шешімге үн қосуға шақырған Үндеу қабылданды.  Серік ӘБДІБЕК,