Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ауғанның ұлдары Ауғанда


26 марта 2019, 11:30 | 941 просмотр


        Жылдар. Су сияқты сылдырап тақтаусыз өтіп жатқан өмір.Ақпан айының 15 жұлдызында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осы орайда,бақытты балалық шақтың мекені Айдарлы ауылына 40 жыл бұрын кеткен екі қос батыр кездесуге келді. Касенов Асқар Ауғанұлымен Касенов Асхат Ауғанұлы Ауған соғысы ардагерлері. Олар Қоғалы жерінде дүние есігін ашып, Айдарлы ауылында өсті. Алғаш мектеп табалдырығын осы ауылда аттап, әріп таныды. Кездесу жас өсіп келе жатқан жастарға патриоттық рух, тәрбие беруге, Отан алдындағы борышқа, елді жерді қадірлеуге бағытталды.Ақпанның 5 жұлдызында өткен бұл жиыннан Айдарлы оқушылары ойларын мазалаған сұрақтарына жауап алды. Кездесуге Жаркент қаласының  Ауған соғысы ардагерлеріде келді. Ардагерлерге арналып, 7 сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ауыл әкімі Айдар Маратұлы алыстан келген қонақтарды құрметпен, ардагерлерімізді келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Берік Әлишеров, Әлия Шалғынбаева, Тұрсынай Жетпісбаева, Айжанна Алпысбаева елге қызмет жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар ізгі ілтипатымен қарсы алды. Ардагерлеріміз Ауғанның зардабымен бөлісіп, келешек ұрпақ соғыс деген атауды тек кинодан көрулерін тіледі. Соғыс ол суық, қаралы ұғым. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.«Соғыс – қай жерде болмасын соғыс. Оның болар жері, уақыты бөлек болғанымен, болмысы мен атауы бір. Дүниенің төрт бұрышының қай жерінде болмасын апат болса, шыбын жанды адамдар қаза табады, дегенмен ол табиғат апаты, ал соғыс – адамдардың қолымен жасалған зұлымдық»,- дейді Касенов.

         Туған жердің әрбір тасы өзімізге ыстық қой, жат жерде, өзге елде жүру кімге болса да ауыр соққы. 18 бен 20 жастағы боздақтар сол жерде қаза тапты. Ауған жері Касеновтың аяғын тізеден кесіп алған еді. Сол сұм соғыс он екі мүшесінің бірін жалмады. Талай ата-ананы жан жүрегі баласынан, сүйгенін сүйіктісінен ажыратқан еді. Касенов өз ағасынан Касенов Асқардан хат алып, аман-есен қайтатынын естігенде, екеуінің арасын ат шаптырым жер бөліп жатқан. Өкінішке орай, ағайынды екеуі кездесе алмапты. Сол күнгі ағасына деген сағынышы Касеновтың кеудесін кернеп, соңғы көрген кезі көз алдына елестей беріпті.Сол жерде көрісе алмаған екі ағалы –інілі Ауғандар, бүгін топырағына ауынап өскен Айдарлы жерінде бірге кездесу жасап отырғаны бізді де қуантты. Кеш қарсанында «Ауғанның ұлы Ауғанда» Касенов Асхат Ауғанұлын өміріне арналған кітаптың тұсауы кесілді. Оқушыларға арнайы Ауған соғысына 30 жыл толуына орай дайындалған күнтізбелер табысталды.

Елі үшін еңбек ету кез келген адам баласының қолынан келе бермейді. Ұлы мақсаттарға жете білу үшін қажымас қайрат, мұқалмас жігер керек екені тағы бар. «Кешегі күн – ертеңгі тарих» дегенді ғұламалар тегін айтпаса керек. Тәуелсіз елдің тарихы мен ұрпақтардың сана-сезімінде сақталуы тиіс, мәні зор, ұрпаққа патриоттық үлгі-өнеге беруде үлкен рөл атқаратын жағдайларды жеткізу – із қалдырар қаламның, шындықты шұбырта жеткізетін жазушының алғашқы міндеті.

Автор:
Мадина Нугуманова