Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Армысың, әз – Наурыз!


26 марта 2019, 11:59 | 2 226 просмотров



Талдықорған қаласы,  №15 орта мектебінде,  мектеп директоры Кертаева Лязат Сағатбекқызы басқарып отырған алтын ұя шаңырағында «Армсың, әз Наурыз атты кеш өтті. 1 «б» сыныбының жетекшісі Шабденов Бірлікті Шәрімбайұлының  бастауымен  22-наурыз мерекесіне орай іс-шара  жоғарғы  деңгейде сахналық қойылым ретінде  өткізілді.

Мақсаты оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталып, балалар ұлттық киімдерін киіп, мерекені бастапта кетіпті. Киіз үй керегесінен сахна жасалынып, ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» деп,  залда әсем әуен ойнап тұрды.Бір қызығы бірінші сынып ұл қыздары және ата аналарымен бір ауыздан Абай ауылы,Жамбыл ауылы және Ілияс ауылы болып сахналық  қойылымдар көрсетті.Артынан Наурыз көже ішіп мәз-майрам болып тарқасып жатты .

Наурыз мейрамы – Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын,бақыт әкелсін!Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің,ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы –көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке

Автор:
Шалкар ОРАЗБАЕВ