Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗДАРҒА ҮШ САУАЛ


8 октября 2010, 15:38 | 2 173 просмотра



Қазіргі таңда ұстаздардың алдында тұрған көкейкесті мәселелерді ортаға салып, ақылдасу және де жауабын күткен сұрақтардың оңды шешім табуына жол ашу мақсатында «Білім шапағаты» газеті осы жаңа айдарды ашып отырмыз. Құрметті оқырман қауым! Сіздер біздің газетіміздің әр санында жарияланатын Үш сауалға жауап беру арқылы көптен бері көкейіңізді толғандырған мәселелерді ортаға сала аласыз. Және де әлде қандай сұрақтардың оңды шешім табуына атсалысасыз!

1.«Дипломмен ауылға» Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына көңіліңіз тола ма? (Ауылға барған жас мұғалімдер тиісті жеңілдіктеріне қол жеткізе алып жүр ме?..т.т. осыған қатысты мәселелер төңірегінде сіздің пікіріңіз!)

2.Қазіргі мектеп оқулықтарының жетістіктері мен кемшіліктері туралы не айтар едіңіз?

3.Соңғы жылдары мұғалімдеріміз қағазбасты болып кеткен жоқ па?

Осы сауалдарға қатысты сұрақ, жауаптарыңызды және де өздеріңіздің тараптар-

ыңыздан айтар ой, қоятын сауалдарыңызды бізге электрондық және де жазба нұсқасында жіберулеріңізге болады. Хат иесі өзінің суреті мен қысқаша өмірбаяндық мәліметін (бітірген оқу орны, еңбек өтілі, санаты, қазіргі еңбек орны) қоса жіберуі қажет екендігін ескертеміз!

Автор:
«БШ» редакциясы