Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі ролі.


29 марта 2019, 04:56 | 1 099 просмотров



Ұлттық ойындар -ата бабамыздан бізе жеткен өнегелі  мұра,өткен күнмен бүгінгі күнді байланыстыратын баға жетпес  байлығымыз,асыл қазынамыз,өнері-

міз.Сондықтан да оны бала тәрбиесінде пайдаланудың маңызы өте зор.

«Ойын ойнап ән салмай өсер бала бола ма ?» -демекші,баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Халқымыз ойынды баланы алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай,олардың мінез құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.

В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүкін емес .Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе  іспетті,ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз-ұшқын,біліме құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты ».

Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдірісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелер.

Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбие беру-қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі .Ойын арқылы бала қоршаған ортаны танып,өз бетінше зерделейді өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, үлкендедің іс-әрекетіне еліктейді.Бүгіні таңда ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі артып тұр.

Қазақтың ұлттық ойындары жүіру,секіру элементтеріне бай.Ойындарды көп ойнап,жүгіріп,секіріп,таза ауада жүру жас ағзаның дұрыс та сергек қалыптасуына және балалардың ойын ойнаған кезде ерлікті,өжеттілікті батылдықты, шашаңдықты сонымен қатар,мінез құлық ерекшеліктері мен дененің сомданып шынығуын қалыптастырады.

Ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.Өлеңді айта жүріп,балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласы оянып,көңілі көтеріле-ді, дүние танымы мен тілі дамиды.

Мысалы ұлттық ойынымыздың бірі «Тақия тастамақ» ойынында балалар шеңбер бойына отырады . Бір ойыншы тақияны қолына ұстап,шеңберді айналып, мына өлең жолдарын айтып шеңберді айналады.

Аспайын, саспайын

Шеңберді баспайын .

Шеңберді айналып,

Тақияны тастайын

-деп, тақияны бір баланың артына тастайды . Ол бала тақияны алап, шеңберді айнала тақия тастаған баланы қуалап, тақияны лақтырып тигізеді. Осылайша ойын жалғасады.Сол сияқты «Соқыр теке»ойынында

Соқыр теке соқ-соқ

Қараңғыда көзім жоқ

Тиіп кетсе сөзім жоқ

- деп бала өлең жолдарын айта жүріп, сезімталдыққа, ептілікке үйренеді.

Этнограф –ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек,қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын,зеректікке ептілік пен икемділікке,батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді.

Қайсыбір ғалымдар қазақтың ұлттық ойындарының жүзден асатын түрі бар екенін айтады.Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ  айрықша дарынды,білімді болғанын дәлелдейді.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрлері кең таралған .Қозғалмалы ойындар төрт топқа бөлінеді:

1.Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: «Асық»,  «Бес тас»,  «Сиқырлы таяқ» т.б.

2.Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: «Соқыр теке»,  «Түйе,түйе», «Семіз қой» т.б.

  1. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: «Орамал тастамақ», «Бөрік жасырмақ», «Белбеу тастау», «Арқан тарту»,

Құрал –жабдықсыз ойналатын ойындар :  «Ақ серек,көк серек», «Шертпек», «Жасырынбақ», «Бес саусақ», «Бұғынай» т.б.

Ойын баланың денесін,тұлғасын ғана жетілдіріп  қоймайды сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана –сезімін,намысын қалыптастыратын тәрбие құралы.

Қорыта айтқанда  ұлттық ойындар –салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын,ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын,дара тұлға –жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы

Автор:
С.А.Шидербаева, №12 «Байтерек» бөбекжайның тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.