Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемедегі тифлопедагог жұмысының ерекшеліктері


29 марта 2019, 05:01 | 2 811 просмотров


Түзете-оқыту үрдісіндегі тифлопедагогтың алатын орны:

  • Тифлопедагог түзете-оқыту үрдісін жүргізетін білім беру мекемесінің негізгі маманы болып табылады.
  • Тифлопедагогтың арнайы сабақтары пропедевтикалық болып табылады – яғни балаларды жан-жақты оқу-іс әрекетіне даярлап, қарапайым түсніктерді қалыптастырады.
  • Тифлопедагог өз жұмысын арнайы түзету бағдарламаларына, әдістемелік құралдарға және нұсқауларға, сонымен қатар авторлық бағдарламаларға негізделе отырып жоспарлайды.

Тифлопедагогтың атқаратын қызмет түрлері:

  1. Балаларды тифлопедагогикалық тесеруден өткізу;
  2. Балалармен арнайы коррекциялық жұмыстар жүргізу (жеке және топтық);
  3. Білім беру мекемесінің әдістемелік жұмысына қатысу;
  4. Білім беру мекемесіне келетін балалардың ата-аналарына кеңес беру;
  5. Түзету жұмысының міндеттерін іске асыру мақсатында педагогтарға кеңес беру.

Көру қабілеті бұзылған балалармен

жұмыс жасауға арналған қажетті шарттар:

Медбике-ортоптисткамен

тығыз байланыста болу

 

Көру бұзылысының

ерекшелігін есепке алу.

Әр балаға жүргізілген диагностикалық тексеру қорытындысы бойынша балаларға жеке дамыту бағдарламалары құрастырылып, соның негізінде әр баламен түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы балалардың таным қабілеттерінің  даму динамикасы анықталады. Түзету жұмысының негізгі компоненті көзге жасалатын жаттығулар болып табылады. Көру гимнастикасына көз қимылдарын нығайтатын түрлі тренажерлар, жаттығулар пайдаланылады.

Тифлопедагог негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

  1. Көріп қабылдауды дамыту.
  2. Кеңістікті бағдарлауын дамыту.
  3. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды дамыту.

Түзете-дамыту жұмыстарының негізгі міндеттері қоршаған орта заттарын салыстыру, ажырату, тану қабілеттерін дамыту; сенсорлы эталондарын дамыту, сақталған анализаторларды қалпына келтіру; балалардың кеңістікте бағдарлана алу дағдыларын қалыптастыру; әлеуметтік-тұрмыстық өмірге, еңбекке баулу.

Б.Ф.Базарный әдістемесі бойынша

Балалардың көру мүмкіндіктерінің ерекшелігін түсініп, оған ықпал ету жолдарымен таныс бола отырып, балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып тифлопедагог мақсатты түрде балалардың көру қабілетін дамытады, емдік-түзету жұмыстарының нәтижелерін нығайту мақсатында оқыту және тәрбиелеу үрдісінде балаларға қолайлы ықпал жасайды

Автор:
Д.Ә.Сақанова Талдықорған қаласы, №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасының дефектологы