29 марта 2019, 05:08 | 1 252 просмотра
Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.
«Достық тренингі»
Мақсаты: Мұғалім мен ата-аналар арасында өз ара қарым -қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа,сыйластыққа баулу.бір-біріне жылы лебіздерін білдіреміз.
Мысалы: Менің атым: Дюсюпжанова Зухра Шамильханқызы. Мен Сарыбастау орта мектебінің 1-сынып жетекшісі болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әр қашан достықта болайық дегім келеді-деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай, жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай тату, бірлікте болайық.
Мұғалім:
- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Ару - ана,
Ару - асыл жар,
Ару – көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.
Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға, апаларымызға арналған, оқушыларымыздың дайындаған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Балалар бәрі:
Құттықтаймыз!
Жасыра алмай – өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн!
Келді тағы көктемнің мерекесі,
Дидарыңа шуағын шашып бүгін,
(Балалардың тақпағы айтылады)
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.
Аялаған анамыз.
Саялаған панамыз
Ананың біз гүліміз.
8.Ана деген - адамзаттың данасы,
Ана деген - сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың,
Ана деген - сүйенерің жан құрбың!
9.Ана десе сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бір адамға берсе ана мейірім,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
10.Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Ән шашу: Ақ мамам.
11.Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің!
12.Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
13.Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
14.Құрметтейік, о, адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
15.Барша ана,құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Хор: Аналарға мың алғыс
Би: Топтық би орындалады. Ұлдардың орындауында «Жігіттер биі»
Мұғалім:
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
2-бөлім: «Анаға қарап, қыз өсер» деп аталады.
Әділ-қазылар алқасы сайланады: ұлдардың аналары.
Қатысушылар нөмір суырады. Сол бойынша ретпен өнер көрсетеді.Қатысушы топтарды ортаға шақырамыз. Қыздар анасымен
Аналарға сұрақтар:
1.Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы», деді. Сіздің әрекетіңіз?
2.Сіздің сүйікті фильміңіз бен баланың жақсы көретін мультфилмі бір уақытта болатын болды, сіздің әрекетіңіз... теледидарды кім көреді?
3.Дүкенде сүтке жететін ғана ақшаңыз қалды, ал балаңыз алма әперуіңізді сұрады, сіз не аласыз? Неге?
5.Сіздің қызыңыз сыныптас қыздармен ұрсысып қалды. Мұндай іс бірнеше рет қайталанды. Сіз не істейсіз? Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз?
8.Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
10.Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?
Қыздарға арналған сұрақ
Қыздардың орындауында «Гүлдер биі»
Кері байланыс
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен.
Қабыл алыңыздар, құрметті аналар