Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

3.2.3.4 - қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау


29 марта 2019, 05:11 | 3 838 просмотров



Пән: Жаратылыстану     Сынып: 3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам

Сабақ тақырыбы: Қан айналым жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.4 - қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Қанайналым жүйесі мүшелерімен                                 

                                танысады; Адамның ішкі ағзаларының атауын біледі

                               Бірқатар оқушылар:  қантамырлар адам ағзасын қоректік     

                               Заттармен қамтамасыз ететінін түсінеді

                              Кейбір оқушылар: Қанайналым мүшелерінің қызметін

                              ақпарат көздерінің түрлері арқылы толықтырады.

Бағалау критерийлері: Қанайналым жүйесін құрайтын мүшелердің орналасуын және қызметін  біледі

-Адамның  ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

-Ақпарат көзінің түрлерін анықтай алады.

Ойлау  дағдылары; білу, түсіну, қолдану

Тілдік  мақсаттар : Оқушылар:

Қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын айтады;

Қанайналым жүйесі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Терминдер:  жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
  • Күретамыр қандай болады?
  • Көктамыр қандай болады?
  • Қылтамыр ше?

Құндылықтарды дарыту: Бір-бірін құрметтеуге , ойларын  ашық  айтуға . Оқушылар  арасында  ынтымақтастық  құндылықтарын  дарыту

Пәнаралық байланыстар: АКТ

АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді  тақта, АКТ  тыңдалым  арқылы тапсырманы  орындау

Бастапқы білім

Сабақ барысы:      Білу

Ұйымдастыру.

«Мен  ақылды  баламын»  әр  бала  өздерінің жақсы  қасиеттерін  атап, қалай  өсіп  келе  жатқандарын  айтады.

  • Мыс: Мен Балнұр,  балдай  тәтті үйдің  еркесімін.

Орындықтың үстіне қима қағаздар қойылады, олардың  артына «Тынысалу», «Асқорыту», «Қанайналым» деп жазылады. Осы қима қағаздарды оқушылар алып топтарға бөлінеді.

Жаңа топ құру.

  • 1-топ «Тынысалу мүшелері»
  • 2-топ «Асқорыту мүшелері»
  • 3-топ «Қанайналым мүшелері»

Сабақтың басы: Белсенді оқыту әдісі Таза тақта” ойыны

-Өткен сабақ бойынша сұрақтарды тақтаға жазады. Жауап беріп, әрбір сұрақты өшіріп отырады.

  • ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмбақтар шешу

Таппайтын тағат,            Сыртқа шығар жолы тұйық

Тығулы сағат                    Түсі шымқай қызыл сұйық 

(жүрек)                              (қан)

  • Тапсырма . ББ кестесін толтыру.
  • Адам ағзасында жүрек қайда орналасқан?
  • -Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

Білем

Білгім келеді

 

 

 

  • Қалыптастырушы бағалау мадақтау  арқылы: «жарайсын», «жақсы», «ойлан»

Сабақтың ортасы: 1-тапсырма: Оқушыларға Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында «Жедел жауап»  тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады.

-Қоректік заттар ағзамызға қалай жетеді?

-Оттек дене мүшелерімізге қалай таралады?

-Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?

Қалыптастырушы  бағалау:    мадақтау  арқылы: «жарайсын», «жақсы», «ойлан»

2 -тапсырма «Ой ашар» әдісі. Оқулықтағы мәтінмен танысуға оқушыларға уақыт беріледі. 

Суретпен жұмыс. Оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап алу

                                                                                                    

Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

-  Күретамыр қандай болады?

  • Көктамыр қандай болады?
  • Қылтамыр ше?
  • Олар қайда орналасады?

Қандай қызмет атқарады?

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін    бағалау.

Белсенді оқу. Топпен жұмыс

Мотор: көбінесе жүректі моторға теңейді.

  • Мүндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың?
  • Адам ағзасында жүрек қайда орналасқан?

адамың жүреігі шамамен өзінің жұдырығының көлеміне  сәйкес келеді.

  • Неліктен үлкен әрі бойы биік адамның жүрегі бойы аласа адамның жүрегіне қарағанда үлкенірек болады?

3 - тапсырма Зертте. Оқушылар модельдеу барысында «Қанайналым жүйесін құрайтын мүшелер қалай орналасқан?» деген сұраққа жауап іздейді.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

  • Топ болып қанайналым жүйесі құрылымына қарайды.
  • Ватман қағазына адамның шынайы өлшемінің сұлбасын салады.
  • Қанайналым жүйесі бөліктерінің суретін салады.
  • Сызық бойына қанайналым жүйесінің бөліктерін белгілейді.
  • Басқа топтардың нәтижелерімен салыстырады.

Сұраққа жауап береді.

-Қанайналым жүйесі қандай дене мүшелерінен құралады?

-Жүрек қандай қызмет атқарады?

-Дене мүшелеріне таралған соң қан не істейді?

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

Сергіту сәті:

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

 Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып

Ойлан. “Жүрегі тас төбесіне шықты” деген нені білдіреді? 

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

 

                                                  17 ғасырда атақты ағылшын  дәрігері, ғалым              

                                                  Уильям Гарвей  жаңалық ашты. Ол ағзадағы қан                     

                                                  тұйық шеңбер бойымен қозғалатынын

                                                  дәлелдеді.

 

 

Жаңа білім мен тәжірибені қолдау

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

40-жұмыс парағы. «Қанайналым жүйесі»

Жүрек пен тамырлар. Бұл тапсырма білімдерін бекітуге бағытталған. Оқушылар қанайналым жүйесі бөліктерінің суретін салып, олардың аттарын жазады.

«Ара қясы» техникасы Жұппен жұмыс.

 Бір-біріне сұрақ қояды. Оған жауап береді.

Рефлексия

Жазылым бойынша ұсыныстар:

  • Жүректі сақтау адамға не үшін керек?
    Жүрек сау, мықты болуы үшін не істейміз?
    Жүрек үздіксіз тоқтамай қалай жұмыс жасайды? Ол тынығады ма?
  • Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Жүрек - организмдегі аса маңызды мүшелердің бірі. Жүрек ешқашан тоқтамай соғуы тиіс. Өйткені ол басқа мүшелерге қан жібереді, қан оларға әрқашан керек. Егер жүрек қанды айдауын тоқтатса, басқа барлық мүшелер де қызметін тоқтатады.

Саралау:сіз қосымша көмек   көрсетуді қалай  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?- Қанайналым мүшелерін шынықтыру жолдары

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы: Жүректі шынықтыру, қан кетуден сақтану жолдары

Автор:
Күлмария Ербосынова, бастауыш сынып мұғалімі, Сарыбастау орта мектебі, Кербұлақ ауданы.