Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үйірменің үйретері көп


29 марта 2019, 05:17 | 1 268 просмотров


Тауыс құсы»

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға тауыс құсы және оның жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Алған білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, өз бетімен сарамандық  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тауыс құсының суреттері

Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті капрон, қалып, жіп, сым темір, жасыл түсті пластырь

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, биология.

Құндылықтарды дарыту:  бірлесе жұмыс жасау арқылы жалпыға ортақ еңбек қоғамын  дарыту.

Сабақ барысы:

Сабақ басы.  Ұйымдастыру кезеңі.

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақтағы тақырыпқа сұрақтар қою арқылы қайталау.

Жаңа сабақ.  Оқушыларға интерактивті тақтадан тауыс құсының суретін көрсетіп, тауыс құсының ерекшеліктерін айта отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын  ашу.

Оқушылар, бүгін біз капронмен тауыс құсын жасаймыз. Капрон өнері ертеден таралып, танылып келе жатқан өнер. Капронмен жай суреттерден бастап өте күрделі  түрлі суреттер жасауға болады. Қолдан жасалған кпрон бұйымдарын Қытайда, шет елдерде жоғары бағаланады. Капрон өнері өте нәзік, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап ететін өнердің түрі болып табылады.

   Құстардың бәрі әдемі, дегенмен де сұлулығы жөнінен  жаратылыстың шеберлігіне еріксіз таңдай қағып, әлемдегі ең сұлу құс тауыс құсы деп айта аламыз.  Тауыс құсының орысша атауы -  Павлин. Дүниедегі ең әдемі құс – тауыс құсы екенін бәріміз білеміз. Үндістанда қасиетті құс саналады, оны өлтіргендер жазаланған.

   Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Отаны Оңтүстік Азияда, тауысты барыс пен жылапн сияқты қауіп-қатер жақындап келе жатқанда ескерту беретіні үшін жоғары бағалайды. Тауық отрядының ең іріт түрі. Тауыстар үшін үй құстарына тән жем қорек болады. Ұясын жерге, бұталар мен бүркелген тұстарына салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады.

    Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды.  Тауыс құсы ұшады. Оның ұзындығы – 2.5 метр, салмағы да өзіне жараса, әжептәуір көрінеді.  Соған қарамай жеңіл ұшады, көздеген биігіне оңай жетеді.

   Сармандық жұмыс.

  1. Қағаз бетіне тауыс құсының суретін салу.
  2. Сым темірден үлкен-кіші домалақ қалыптар дайындау.
  3. Түрлі-түсті капронды сым темірден жасалған домалақтарға керіп, жіптермен бекіту.
  4. Нұсқаулық суреттен қарап, капрон керілген домалақтардан басын, денесін құрастыру.
  5. Тауыс құсының құйрығын дайындау.
  6. Денесіне құйрығын жіппен орнатып, пластырмен бекіту.
  7. Тауыс құсының аяғын сым темірге капронды орап жасау.
  8. Тауыс құсының көзін арнайы қара-ақ моншақпен жапсырмалау.
  9. Тауыс құсының тұмсығын сым темірден дайындап, капронмен орау.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

  1. Қайшыны ашық тастама;
  2. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
  3. Темір кескіш қысқышты тастамау,
  4. Жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау;

Жұмысқа қойылатын талаптар:

-Жұмысты технологиялық картаның көмегімен орындау;

-Жұмысты таза, ұқыпты орындау

Қорытынды бөлім.

Оқушылар, седер бүгінгі сабақта капроннан тауыс құсын жасауды үйрендіңдер. Сонымен:

  • Капрон дегеніміз не?
  • Әлемдегі ең әдемі құсты атаңдар
  • Тауыс құсының орысша атауын атаңдар.
  • Тауыс құсы қай елдерде мекендейді?
  • Тауыс құсының ұзындығы қанша метр болады?

Бағалау.

Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.

Үйге тапсырма беру: тауыс құсын үйден аяқтап келу.

Автор:
Ляйля Сарыбаева, Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сарыбастау орта мектебі КММ Кербұлақ ауданы Алматы облысы