Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бисермен жұмыс


4 апреля 2019, 05:26 | 2 207 просмотров


Мақсаты: оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу, оқушылардың сәндік-қолданбалы өнердегі білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: биология,тарих,сызу,бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар,үлгілері,схема,кітаптар,журналдар.

Қажетті құрал-жабдықтар:ине,жіп,жібек жіп,леска,бисер түрлері.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,түгендеп шығу,сабаққа дайындығын тексеру,қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  1. Өткен сабақты қайталау.

Жасалған жұмысты тексеру.

1) Бисермен қандай заттарды әшекейлеп тігуге болады?

2) Бисерді машинамен тігу ме,әлде қолмен тігу қолайлы ма?

  1. Жаңа сабақ
  • Бисер деген не?
  • Оларды пайдаланып не жасауға болады?
  • Бисер – ұсақ түрлі-түсті моншақтар.
  • Стеклярус – ұзын таяқшалар.

Рубка – қысқа таяқшалар деп бөлінеді.

Су моншақтың негізгі түрлері: таяқша, сопақ, домалақ

Су моншақ неден жасалады?  Хрусталь, металл, су моншақ, керамика, шыны

Бисердің Отаны- Ежелгі Египет.Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі.Халық тұрмысында үлкен рөлі бар.Бисермен тігілген бұйымдар өте жоғары бағаланады,әсіресе қолмен тігу түрі ерекше.Бисер –  “жалған маржан”  -деп аталады.Египеттіктер “бусра”- деп айтса, бізге келіп бисер – ұсақ моншақ деп аталады.Бисермен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін, тұмарша, алқа, бойтұмар, шашбау, сырға жасауға болады.Бисермен тоқу,тігу,желімдеу өнерлері де бар.Бисермен тоқу – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің бір түрі.

Бисермен тоқу жұмысы қызықты,әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал-жабдықтар түгел болып қоймай, сонымен қатар жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы бар.Үстелге жылы түсті матаны бүктеп орналастыру қажет,онда бисер жақсы көрініп,көзді шаршатпайтын болғаны жөн.Іске кірісер алдында бисердің қажетті түстерін араластырмай қоямыз.Әзірленетін бұйымның схема сызбасын тіреуішке тіреп көз алдымызда тұрғаны дұрыс.Жұмысқа кіріспес бұрын схемамен мұқият танысқан жөн. 

  1. Сергіту сәті. Жұмбақты шешу.

Бір басында көзі бар,

Бір басында бізі бар,

Жолында айқын ізі бар.

Қызып кетсе табаны,

Көзін қысып қалады.

Басы да екеу,

Аяғы да екеу.

Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды.

Екі семсер айқасқан,

Оқта – текте шайқасқан

  1. Сарамандық жұмыс.

Моншақтарды бисермен өңдеу, тізбектеу тәсілі.

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске саламыз.

  1. Инені аузыңа салма.
  2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
  3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
  4. Бисерлер шашылып кетпес үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.

Қорытынды бөлім.

Оқушылар, сендер бүгінгі сабақта капроннан бисермен жұмыс  жасауды үйрендіңдер. Сонымен:

  • Бисер дегеніміз не?
  • Стеклярус деген не?
  • Рубка деген не?
  • Су соншақтың негізгі түрін атаңдар
  • Су моншақ неден жасалады?

Бағалау.

Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.

Үйге тапсырма беру: Бисермен жұмысты  үйден аяқтап келу

Автор:
Ляйля Сарыбаева, Сарыбастау орта мектебі КММ, технология пәнінің мұғалімі. Кербұлақ ауданы.