Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Ата-баба дәстүрі»


4 апреля 2019, 05:48 | 1 223 просмотра


Мерекелік «Ата-баба дәстүрі» бағдарламасы аясында өткізілген

«Нағыз жігіт – қорған болар халқына» атты әдеби-музыкалық іс-шараның сценарийі

Фанфар

Жүргізуші: дәстүрі –ұрпаққа аманат» бағдарлама аясында«Нағыз жігіт  - қорған болар халқыңа » атты әдеби-сазды  кешімізге қош келдіңіздер!

Біз бүгін ата салтын насихаттауға ,салт –дәстүрімізді құрметтеуге , үлкенді ардақтауға, келешек ұрпақты парасатты ,намысқой,арлы да тәрбиелі болуға ат салысып жүрген, қала  мектептерінде өткізілетін  іс -шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болатын,  қайратты,еліне ерен еңбек сіңірген,қаламыздың данагөй, де ардақты ,ата-апаларымызға алғысымызды білдіреміз.

Жүргізуші :

Армысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары.

 

1.Басталуы :Бала сүйінші сұрап жүгіреді : (Музыка ойналады, баланың жылауы)

Сәби келді өмірге,Сәби келді!

-Әжесі: Не дейсің, құлыным? Қандай қуанышты хабар әкелдің? Өркенің өссің ,сүйіншің бізден құлыным . Немерем кім, ат ұстар ма ,жылқышы ма?

-Ат ұстар апа.

-Көсегең көгерсің, ер бала елің қорғайтын азамат болсын!

Күй ойналады, 2 қыз шашу шашады.

(«Шашу» күйі)

Жүргізуші :Иә бүгін дүниеге келген ұл, ертеңгі жігіт, ер азамат, елдің тірегі. Ал азаматтың жүгі ауыр. Мен қазақпын дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата - жұртын қастерлеп, жадында ұстау керек. Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі деп айтамыз қазақ тегін айтпаған.

(Сахнада үш би отырады ,Қастарында ана мен нәресте бата алып отыр)

Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады деген.
Төле би:

Кек сақтамас бала бол

Дос сүйініп қас сыйлар

Асу брмес дана бол

Әйтеке би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала.

 Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басына іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол. Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол!

Қазақ биі

 

Жүргізуші  :Бабалар сүйген туған жер деген Отаңды

Отанды қорғап парызың ақтап бата алды

Әз Тәукенің атағы тарап алысқа

Әділет жолда Жеті жарғы хан атанды

Хан ордасы түнерген түнді түрді

Мемлекеттік мүддені биікке ілді

Қазақты жүзге бөлмей Абылай хан

Бір тудың астына әкеп жинай білді.

Фанфар

(Абылайдың шығуы)

Абылай

Алашым менің, үш жүздің басы бірігіп

 Бірліктің туын көтердік.

Төртеулерін төл болсаңдар,

Төбедегілерін келеді

Алтауларын ала болсаңдар,

Ауыздағыларын кетеді.

Ендігі мақсатымыз-ол ел бірлігі, жер тұтастығы

Жерің тұтас болмаса, досың кетеді

Еліңде бірлік болмаса, басың кетеді.

Батырын бар,салтың болсын

Тілің бар,дінің болсын

Антым бар, өнегелі даңқың болсын

Биік ел болайық ,көршіммен тең болайық

Найзаға үкі таққан, айбарлы ел болайық

Жалпақ жұрт болайық, бір байрақтың астында,ұйымшыл ұлт болайық

Кең даладай жерім менің

Қазағым, елім менің

Осы сөзім- аманат

Бәріне де-аманат,Ұрпаққа -аманат. 

(Батырлар биі)

(Фанфар)

Жүргізуші :Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да, осы жігіттерден шыққан. 

Жүргізуші :Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп мәңгілік

Кетпейді естен асыл ер

„Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры

 

(Үш бәйтерек шығады, сырттан «Зар заманы» өлеңі оқылады, қобыз «Елім-ай» әні ойнап тұрады)

Жүргізуші :Қарақшы қалт етпес сақ па екен,
Қамығып қалды ғой шат мекен.
Ақындық дүлдүлі Ілиясты 
Қай жендет жасқанбай атты екен?

Қыранға оқ жұмсау қатерлі,
Болса да қатерді әкелді.
Қай сотқар сескенбей атты екен
Ақ иық ақ сұңқар Сәкенді?

Тағдырдың сұқ көзі қадалды,
Тағы да бір арыс қамалды.
Қай сатқын қаймықпай атты екен
Бұлан ер 
Бейімбет ағамды?
Жүргізуші :Ақтайды арайлы ақ таңдар,
Ақынға жаман ат тақпаңдар.
Аққуды атқандар сияқты 
Оңбайды ақынды атқандар,
Оңбайды ақынды сатқандар!

(Бес арыс шығады  Қобыз «Елім ай»)

Ахмет Байтұрсынов

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мағжан Жұмабаев

Жүсіпбек Аймауытов

Міржақып Дулатов

Музыка + соғыс

 «Мен, Қазақстан Республикасының азаматы,  сүйікті Отаным Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы, өркениетті ел болуы үшін өз үлесімді қосып, сапалы білім аламын.
Алтын ұя мектебімді сыйлап, қастерлеймін. Мен өз Отанымның ержүрек, батыл қорғаушысы болуға салтанатты түрде ант беремін».

 

Әдеби монтаж

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Жүргізуші :Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

Флешмоб:Ән жігіттер әскери формада.

 

Ұлағатты да қадірменді  ата - апаларымыз аталы сөз бен баталы тілек айтады.

Автор:
Марал Тоқсанбаева, М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп-лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.