Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗ АТЫН АРДАҚТАП...


8 октября 2010, 15:51 | 2 216 просмотров



Өткен жұмада І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайын

да облысымыздың мұғалімдер мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы ұстаздар қауымын құттықтап, өңірдің білім саласына еңбегі сіңген бірқатар мұғалімдерді, білім мекемелері мен қызметкерлері байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Сол сияқты облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде бірқатар елеулі еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың есімдерін атап өтті.

«...Ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі қарсаңында Сейітхан Ахметұлы Исаев Қарасай ауданы, Кенже Тойбақызы Бакишева Талдықорған қаласы, Рақымжан Тоқатевтың Еңбекшіқазақ ауданы еңбектері көпке үлгі боларлық. Сонымен қатар, озат, тәжірибелі, өз істерінің майталман шеберлері – Қаратал ауданындағы №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі үздік жыл мұғалімі – 2009 байқауының жеңімпазы Кәгіліков Дәнеш Мұратұлының есімдерін атауға болады» – деді ол сөзінде.

Сонымен қатар Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Доғалова Гүлнар Нәжмеденқызы ұстаздар қауымын төл мерекелерімне құттықтады. Мерекелік кеш соңы концертке ұласты. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолыңда екенін жақсы білеміз. Қарыштап, дамып келе жатқан әлемде білім жүйесінің мықтылығы ұстаздардың парасаттылығында.

Міне, сондықтан да облыс әкімі Серік Әбікенұлының ұсынысымен облыстардың ұстаздары арасында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдайтын жеті номинация бойынша сайыстар жыл сайын өткізілуде. «Үздік жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздарына төртінші жыл Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтер беріліп жүр. Үстіміздегі жылы да байқаулар қорытындысы дәстүрлі түрде мұғалімдердің кәсіби мерекелерінің қарсаңында шығарылды. «Жылдың үздік мұғалімі» атанған Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әділов Бақытнұр Тәліпұлы Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтерге ие болды.Байқау қорытындысында Педагогтардың коммуналдық қызмет төлем ақылары үшін жыл сайын бюджеттен 200 млн теңгеден артық қаржы бөлінеді. Ауылдық жердегі мұғалімдердің жалақысына жыл сайын 25 пайыз үстемақы бөлінуде. Мұндай ізгі шаралар бақытын бала тәрбиесімен байланыстырып отырған ұстаздар қауымының жігеріне қайрат, әлеуметтік қана емес рухани дем беріп отыр.

Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әділов Бақытнұр Тәліпұлы:

Басынан әрқашан да бақ кетпеген, даналығы мен дархандығына әлемде халық жетпеген ата қазақтың аяулы ұл-қыздары! Бармысыздар! Тілі басқа болғанымен тілегі бір, діні басқа болғанымен жүрегі бір отандастар! Бүгінгі таңда егеменді елміздің ертеңі үшін қандай азамат керек және сол азаматтарды тәрбиелейтін ұстаздар қандай болады деген мағыналы, танымы терең сұрақ тарихтың терең қойнауынан көш тартып тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі де аяулы он тоғыз жыл болған екен. Ендеше егемен еліміздің ертеңі жарқын болу үшін бүгінгі біздің алдымызда тәрбиеленіп отырған әр шәкіртің тұлға қылып тәрбиелеуде бар ұстаздың аяулы борышы, мерейлі міндеті болмақ, ондай тұлғалар еліміздің арғы-бергі тарихында мыңдап саналады. Біздер, бүгінгі күннің мұғалімдері ертеңгі ел тағдыры, мемлекет тәуелсіздігі үшін жауаптымыз. Ертеңгі күн бүгіннен жарқын, бірақ, бүгіннен күрделі болмақ, біз ол күнді көре алмайтын шығармыз.

Бірақ, біз тәрбилеген, біз өсірген ұрпақ көреді. Сол ұрпақ біздің есімімізді қарғыспен емес, алғыспен еске алатындай болу үшін де біз бүгін жан аямай еңбек етуіміз керек. Француз халқының ұлы ойшылы Жан Жак Руссо «Ұстаз болу – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Мен өзімнің отыз жылдық мұғалімдік еңбегімде үш рет сынға түстім, үш рет топ жардым. Көзім жетті әділеттілік бар. Себебі, жан терімен шын еңбек еткен адамдар атақ даңқ бақыт іздемейді. Керсінше олар оны өзі іздейді. Мінекей бүгінгі соңғы бес жылда аталып өтіліп келе жатқан жеті номинация біздің республикамыздың әр облысында жоқ. Бұл біздің облыста ғана. Ендеше осындай өрелі істің ұйытқысы болып отырған Серік Әбікенұлының елеулі үлкен еңбегі ұстаздарға жасалған үлкен қамқорлық . Зейнолла Қабдоловтың Ғ.Мүсіреповке арнап айтқан сөзімен айтқанда, Серік Әбікенұлын мақтамау керек, Серік

Әбікенұлымен мақтану керек. Биыл, міне жыл мұғалімі 2010 да топ жарып, жеңімпаз атандым. Осы сайыс өткен күннен бастап Серік Мейірханұлы өзі бастап қадағалап отырса, Ләззат Тілеубайқызы бастаған қазылар алқасы шын мәнінде игілікті де ізгі жұмыс жасады. Пендешіліктен биік тұрып, әділдіктің ақ туын биік көтерді. Оған көзім жетті. Құрметті ұстаздар! Баршаңыз да келер оқу жылдарында осындай мінбеде тұрып, жеңімпаз атануларыңызға мен шын жүректен тілектестік білдіремін. Тағдырды адам баласы таңдамайды. Тағдыр адам баласын таңдайды. Құрметті ұстаздар! Ендеше маңдаймызға жазылған осынау тағдыр атты кемеде ұстаздық қызметтеріңізде мерейлі мәртебеге ие болып, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп, парасатты өмір кешулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Автор:
Әйгерім ИЕБЕКОВА