Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қазақтар орысша акцентсіз сөйлейді екен» (видео)


8 апреля 2019, 03:18 | 1 875 просмотров



Ресейлік және америкалық белгілі журналист Владимир ПОЗНЕР Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкаға кетуіне орай пікір білдірді.

Владимир Познердің пікірі өзінің ресми сайтында жарияланған. Мәскеудегі Жеральдин мейрамханасында өткен кездесуде журналистке Назарбаев отставкасы жайлы, Қазақстанда қашан болдыңыз деген сұрақ қойылады.

«Қазақстанда бірнеше рет болдым. Астана қаласында. Менің таңқалдырғаны қазақтар сізбен-біз сияқты орысша сөйлейді. Орысша акцентсіз сөйлейді. Және бір-бірімен. Бірақ олар орыс емес, қазақтар», — дейді журналист.

Сондай-ақ, ОРТ телеарнасының жүргізушісі Қазақстан тарихы мен қазақ ұлтының танымынан хабарсыз екенін айтады.

«Назарбаев күтпеген шешім қабылдады. Отыз жыл билікте болды. Балтық және Грузия елдерінен басқаларға үлгі болуы мүмкін. Әсер етуі де ықтимал. Менің ойымша көпшілік ойланып қалды. Әңгіме жоғарыда отырғандар хақында.Иә, ол толықтай биліктен кеткен жоқ. Бірақ бұл қадамның жалғасы бар», — деді белгілі журналист Владимир ПОЗНЕР.

Автор:
https://zhasalash.kz