Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үй жануарлары мен оның төлдері


12 апреля 2019, 06:00 | 3 478 просмотров


Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге үйрету.

Білімділік: Балаларға үй жануарларын таныстырып, төрт түліктің төлдерін жайында түсінік беру.

Дамытушылық: Әңгімелеу арқылы, сұрақ-жауап әдісі арқылы тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Сөздік жұмыс төлі (Бота құлын, бұзау,қозы,лақ)

Көрнекіліктері: слайд, тақта, үй жануарларымен төлдернің суреті, пазлсуреттер,дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

 Шаттық шеңбер.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын шашайық.

Жүректегі жылуды,

Апайларға сыйлайық, Сәлеметсіздер  ме!

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін үй жануарларымен және олардың төлдерімен танысамыз..Үй жануарлары үйде тіршілік етеді, адамдар оларға қамқор жасайды.Сол себепті оларды бір сөзбен үй жануарлары дейміз. Ендеше бүгін біз үй жануарларымен оның төлдері туарлы айтамыз. Балалар барлығымыз енді мына суретке қарайық. Суретте үй жануарлары (жылқы, түйе ,сиыр, қой, ешкі).

Жылқы:Жылқының етін жейміз, қымызын ішеміз. Мынау жылқының қымызы түсі ақ болады. Дәмі қышқыл.

Мынау Сиыр: Сиырдың етін жейміз, сүтін ішеміз.Сүтінен (құрт,айран,ірімшік,май,қатық ) жасаймыз.

Түйе:Түйенің етін жейміз, шұбатын ішеміз.

Қой:Қойдың  етін жейміз.Қойдың жүнінен әр түрлі киімдер тоқылады. Мысалы: жылы бас киім, мойын орағыш қолғап, шұлық т.б көптеген киімдер тоқылады.

Ешкі:Ешкінің етін жейміз, ешкінің жүніненде киімдер тоқиды,ешкінің сүті өте пайдалы.Үй жануарлары шөп,жем,суммен қоректенеді.

 Енді үй жануарлардың төлдерімен танысайық .

Жылқының төлін – құлын деп атаймыз.

Түйенің төлін –бота деп атаймыз,

Сиырдың төлін – бұзау деп атаймыз.

Қойдың төлін – қозы деп атаймыз,

Ешкінің төлін – лақ деп атаймыз.

   Сергіту сәті:Балалар енді баріміз сергіту сәтін орындап ,қайталап көрейік.

Енді балалар үй жануарлардың дауысын тыңдайық. (дауыстары шығады) Мынау жылқының дауысы қалай шығады екен, қане бәріміз қайталайық.

Балалар:Үй жануарлардың дауысын қайталайды.қайталайды.

Ал енді балалар бәріміз  ойын ойнайық «Дидактикалық ойын»: «Төлін тап».

Тәрбиеші: Балалар үй жануарларының төлдерін кім атап береді?

Балалар төлдерін суретін тақтаға іледі.

Тәрбиеші: Жылқының төлін не дейміз?

Балалар жылқының төлін-құлын дейміз.

Тәрбиеші: Сиырдың төлін не дейміз?

Балалар сиырдың төлін - бұзау дейміз.

Тәрбиеші: Қойдың төлін не дейміз?

Балалар қойдың төлін – қозы дейміз.

Тәрбиеші: Ешкінің төлін не дейміз?

Балалар ешкінің төлін лақ дейміз.

Тәрбиеші: Түйенің төлін не дейміз?

Балалар түйенің төлін- бота дейміз.

Тәрбиеші: Балалар ал енді алдыларынңда берілген «Үйж жануарларымен оның төлдерін «Пазл» арқылы құрастырамыз.

Қорытынды: Балалар бүгін біз не туралы білдік.

Балалар: Үй жануарларымен төлдері туралы білдік.

Тәрбиеші: Үй жануарларына нелер жатады?

Балалар: Үй жануарларын (жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі) жатады.

Тәрбиеші: Үй жануарлар төлдеріне нелер жатады.

Балалар:Үй жануарларының төлдеріне (құлын, бұзау, қозы,бота, лақ) жатады.

Тәрбиеші: Үй жануарлары бізге не береді?

Балалар: Біз олардың сүтін, етін,жүнін, терсін пайдаланамыз.

Тәрбиеші: Бүгін сабаққа жақсы қатыстындар, ақылды болдындар сендерге көп көп рахмет.

 

Автор:
Ардақ ХАМИТЖАНОВА, №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.