Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жабайы жануарлар


12 апреля 2019, 06:01 | 1 341 просмотр


Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.

Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және оның төлінің атын дұрыс атауға жаттықтыру. Олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тифлопедагог:
- Балалар,  бүгін бізде ерекше сабақ болады, бізге көптеген қонақтар келіпті. Қанебалалар барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтар мен амандасып алайық.
Салемдесу:
Шаттық шеңбер:
Армысың, шапағатты, Күнана
Армысың қайырымды, Аспанана
Армысың мейірімді, Жерана
Армысың менің достарым.
- Өте жақсы, біз енд сабағымызды бастамас бұрын, төрт топқа бөлінеміз.
Топқа бөліну.
 «Көжектер», «Тиіндер», «Кірпілер»,  «Қонжықтар» болыптөрттопқабөлінейік.

Сабақбарысы:
«Ой толғаныс»
Тифлопедагог балаларға сұрақ  қояды.
Тифлопедагог: Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Балалар: Аю, қасқыр, түлкі, тиінкірпі.
Тифлопедагог: Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
Тифлопедагог: Өте жақсы балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер!

Мағынаны табу.

1 - тапсырма: «Жабайы  аңдарды сипаттау»
1. Аю – жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс – жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
- Аю туралы қандай ертегі білесің?
2. Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан-ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. Ол кезкелген қиыншылықтың бәрінен аман-есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. Орманда мекендейді.
- Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
3. Қасқыр – жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде мекендейді.

Көз жаттығуы:Жыл мезгіліне байланысты таяқшаны пайдалана отырып жоғары,төмен,оңға,солға қозғалту арқылы көзімізге жаттығу жасау.

2 - тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1. Тұмсығыұзынаң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
- Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды.

3 - тапсырма: «Төлдерін ата»
- Балалар, енді жабайы аңдардың төлдерін атаңдар.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/

Сергітусәті.
Ұзын құлақ сұрқоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Қорытынды:
- Балалар бүгінгі оқу қызметінен біз не үйрендік, оқу қызметіміз қалай өтті, сендерге ұнады ма?
- Ендеше балалар алдымыздағы смайликтер арқылы оқу қызметімізді бағалайық.Өте жақсы, орташа, ұнамады деп оқу қызметін бағалау

Автор:
Жанбота ҚОЖАМСЕИТ, №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай балабақшасының дефоктолог-педагогы. Талдықорған қаласы.