Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

М.Жұмабаевтың «От», «Пайғамбар» өлеңдері


12 апреля 2019, 06:05 | 1 319 просмотров



М.Жұмабаевтың «От», «Пайғамбар» өлеңдері

Сабақтыңтүрі:        Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:        М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, өлеңдерін талдау.

Сабақтың мақсаттары.

Барлық оқушылар:

Автор бейнесін анықтайды;

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды біледі;

Шығарманы талдайды;

Эссе жазады.

Көптеген оқушылар:

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды;

Әдеби эссе жазады.

Кейбір оқушылар:

Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтарды өте жақсы қолданады;

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдай отырып, қолданады.

 

Бағалау критерийлері; Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалы қсұрақ) қолданысын талдайды.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар; Пән лексикасы және терминология: эпифора, анафора, аллитерация.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өзім - күнмін, өзім - от,

Сөзім, қысық көзімде - от,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі - от.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзітану. Мектеп құндылықтары Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзарақарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды. Осыған дейін меңгерілген білім. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Жоспар. Жоспарланатын уақыт.

Жоспар бойынша орындалуы тиісіс-әрекеттер. 

Дереккөздер.

Сабақтың басы.

Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады.

Оқу мақсаты таныстырылады.      

Сабақты ңортасы.

М.Жұмабаевтың «От» өлеңін оқиды.

 

Тапсырма №1

Ж/Т. «Тақтамен бөліс» әдісі.

Сұрақ: «От» өлеңін оқу арқылы авторды қандай адам деп ойлайсыңдар? Тақтаға әрқайсысың бір жауаптан жазыңдар. Жауаптарының 1-2 сөзден немесе сөз тіркесінен болғаны жөн екені ескертіледі. Мынадай жауаптар болуы мүмкін: патриот, өз елін сүйетін, арманына жеткен, бақытты, т.б.

Керібайланыс. Оқушылар жазып болғаннан кейін, мұғалім олардың жазған кейбір сөздерін өздеріне бағыттап сұрақ қояды.

Мысалы, «Неліктен өз ұлтын сүйген ақын деп ойлайсыңдар?» – деген сияқты. Топ мүшелері бір-бірімен сөйлеседі, өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, жауап береді.

Бағалау критерийі.            Дескриптор. Оқушы поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.Автор бейнесін анықтайды. Өз ойларын дәлелдейді.

 

Тапсырма №2

Топтар берілген кестені толтырады.

1-топқа.

Өлеңнен үзінді.       

Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?       Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

Шоқ қылар да, жоқ қылар.

Мұның аты От болар.

Мен де отпын - мен жанам.

 От - сен, тәңірім, табынам.

 

2-топқа

Өлеңнен үзінді. Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

 

Кейде жылан арбайтын, Кейде аждаһа жалмайтын.

Сескенбес, сірә, кім сенен;

Шынында, менің өзім де - от,

Қысылған қара көзім де - от.

 

3-топқа.

Өлеңнен үзінді.       

Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?       Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

Жарқырап от боп туғаннан,

Белімді бекем буғаннан,

 Қараңғылық - дұшпаным.

Сол жауызды жоюға,

Соқыр көзін оюға,

Талай заулап ұшқанмын.

Кері байланыс.

Топтар кестелерін сағат тілінің бағытымен өзінен кейінгі топқа береді. Оқып танысқаннан кейін, жауаптарын одан әрі нақтылау немесе түсінбегендерін білу мақсатында кестені толтырған топтарға сұрақ қояды.

 

Бағала укритерийі.            Дескриптор.

Оқушы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды, көркемдегіш құралдың түрін анықтайды, қолданысын талдайды.

 

М.Жұмабаевтың «Пайғамбар» өлеңін оқиды.

 

Тапсырма №3

Ж/ЖЖ/Т. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі

Оқушыларға бір шумақ өлең беріледі. Ол өлеңде не айтылғандығы туралы жеке ойланады. Орнынан тұрып бір сыныптасымен талқылайды. Екеуі келесі жұппен бірігіп, топ болып талқылайды.

 

Түн баласы...Түн жолына түскен ол,

Сақаусың деп Мұса тiлiн кескен ол,

Тәңiрiнiң сүйiктi ұлы Айсаның

Тiтiркенбей ұрттап қанын iшкен ол...

Түн баласы түнерген түн жамылған,

Аллаға емес, әзәзiлге табынған.

Iнжiлдi өртеп, табанға сап құранды,

Әдiлдiктi күткен ессiз қарыннан.

 

Кері байланыс.

Мұғалім олардың жауаптарын тыңдай жүріп, кейбір оқушыларға не топтарға жетелеу, ұлттық құндылықпен байланыстыра талдауға бағыттау,тереңдету бағытында сұрақтар қояды.

 

Тапсырма №4

Күншығыстан таң келедi – мен келем,

Көк күңiренед: мен де көктей күңiренем.

Жердiң жүзiн қараңғылық қаптаған,

Жер жүзiне нұр беремiн, Күн берем!

Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры,

Қап-қара түн. Күңiренедi түн ұлы.

Күншығыста ақ алтын бiр сызық бар:

Мен келемiн, мен пайғамбар – Күн ұлы.-деп жырлауының себебі неде?

Өз ойыңызды 70-90 сөз көлемінде эссе түрінде жазыңыз.

Бағалаукритерийі  Дескриптор.

Оқушы шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады,мазмұнды түсінеді, ұлттық құндылықпен байланыстыра талдайды,

әдеби эссе жазады.

Сабақтың соңы.

Рефлексия.

«Ең, ең, ең» әдісі.

Оқушылардан ауызша сұрауға болады.

Ең оңай болған тапсырма...

Ең ұнаған тапсырма...

Ең қиын болған тапсырма...          

Қосымша ақпарат.

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?          

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?    Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік ережелері.

АКТ-менбайланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент).

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруғаболады.

Дифференциация сабақтың кезкелген бөлімінде қолданылады.          Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Ж/ЖЖ/Т. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі.

«Ең, ең, ең» әдісі

Ж/Т. «Тақтамен бөліс» әдісі.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Ойлану.

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?      Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

            Оқу мақсаттары шынайы болды. Бүгін оқушыларМ.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көп мәліметтер алды. Сыныптағы ахуал жақсы болды. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды, берілген уақыт ішінде үлгердім. Өз жоспарымда ынтымақтастық қарым-қатынасты жоспарладым. Оқытудың жаңа әдіс–тәсілдерін қолданамын. Өйткені оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауда берілген тапсырмаларды жақсы орындайтындығын байқадым.

Жалпы баға.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру жәнеоқытуғақатысты)?

 1: Топтық жұмыс табысты болды, себебі мәтіннің ішінен көркемдегіш тәсілдерді іздегенде уақытты үнемдедік.

2: Сұрақ-жауап кезінде ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы көп мағлұматтарды білді. 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Әртүрлі әдістер.

2: Қосымша.ақпараттар.

Осы  сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Сабаққа қатысты тың деректер, бейнероликтер, қызықты тапсырмалар сабақты жетілдіреді де пойлаймын.

 

Автор:
Шолпан Салкинбекова, №51 ОМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қаратал ауданы