Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы.


12 апреля 2019, 12:27 | 97 просмотров


Оқу  мақсаты: Т/Ж 3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы  образын ашу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы  образын мұғалім көмегімен ашады.

Көптеген оқушылар: Кейіпкерлер образына байланысты өз көзқарастарын білдіре алады.

Кейбір оқушылар: Кейіпкерлер образына қатысты  өз ойларын білдіріп, шағын әңгіме жазады.

Құндылықтарға баулу.

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

- Тіл мен мәдениет;

- Өмір бойы білім алу;

- Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

- Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау;

Халқымыздың мәдениетін, тілін дәріптеу

Тілдік мақсат.

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:сайран ету, тағзым ету, көкке қарау, қайран қалу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бидай арқылы қандай адамдардың мінезі сыналады?
    3.Қалай ойлайсыңдар, өмірде осындай  адамдар бар ма?

Алдыңғы меңгерілген білім. А. Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері.

Психологиялық ахуал орнату.2 мин

Үй тапсырмасын сұрау. 5 мин

Ой шақыру.5 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Психологиялық тренинг "Армысың, арайлы күн"

Үй тапсырмасы "Ия", "Жоқ" әдісі арқылы  пысықталады.

  1. Адам бойында қандай асыл қасиеттер бар?...

Оқушының іс-әрекеті.

Амандасады, жылы лебіз білдіреді.

Оқушылар дайындап келген  ақпараттың дұрыс, бұрыстығына қарай бір-біріне сұраққояды.

Өз ойларын айтады.

- Адамгершілік, мейірімділік,инабаттылық, ...

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»  мысалының мазмұнымен таныстырады. (Бейнематериал)

Топқа бөлу.(Түрлі түсті гүлдер)

1-тапсырма.

Топпен жұмыс.

Кейіпкерлер бейнесіне талдау.

2-тапсырма.

1-топ.Топтық жұмыс. Образды ашу кестесі. (В тобы)

Дескриптор:

-  Кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;(1ұпай)

-  Кейіпкердің іс- әрекетін анықтайды;(1ұпай)

-  Портрет пен іс-әрекеттер негізінде кейіпкер образына  қатысты өз пікірін 4 сөйлеммен жеткізеді.(1ұпай)

2-топ.Жеке жұмыс.«ПОПС» әдісі.(В тобы )

Критерийлер: Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып,жазбаша түсіндіріңіз.

1.Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,... немесе  «Мен...  »

2.Екінші сөйлем:«Себебі,мен оны былай түсіндіремін...»

3.Үшінші  сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

4.Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Дескриптор:(Әр қадамға 1ұпай)

-  берілген ойды мысал- өлеңді түсіне отырып жалғастырады. ;

-  бірінші сөйлемде кейіпкерлердің портреті мен  іс-әрекетіне байланысты жазады;

-  екінші сөйлемде себебін түсіндіреді;

-  үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты  1 дәлел келтіреді;

-  төртінші сөйлемде өзіндік тұжырым жасайды.

3-топ.Жеке жұмыс.(А тобы)

Әр топ мүшелері мысал өлеңнің мазмұнына сүйеніп, бір кейіпкер(Дәнге толы бидай немесе дәні бос  бидай)бейнесіне байланысты  сурет салады. Керекті сөздер: тәкаппар, өзімшіл, өр көкірек, мейірімді, адамгершілігі мол, инабатты.

Дескриптор:

  1. Бір кейіпкердің портретін салады. 1 ұпай

2.Берілген тірек сөздердің тиістісін қолданып, кейіпкер  бейнесін сипаттапжазады.(1ұпай)

4-топ. Жеке жұмыс.«Еркін жазу» әдісі.(С тобы)

Кейіпкерлер образына қатысты  өз ойларыңызды білдіріп, шағын әңгіме жазыңыз. Керекті тіркестер: сайран ету, тағзым ету, көкке қарау, қайран қалу.

Дескриптор:(Әр қадамға 1ұпай)

  1. Өлеңнің мазмұнын біледі.
  2. Кейіпкерлер образына байланысты өз ойларыңызды шағын әңгіме түрінде жазыңыз.
  3. Керекті сөздерді мүмкіндігіңізге қарай қолданыңыз.

Қорытындылау:"Сұрақтар жаңбыры"әдісі.

  1. Мысалда кездесетін бидай арқылы қандай адамдардың мінезі сыналады?
    3.Қалай ойлайсыңдар, өмірде осындай  адамдар бар ма?..

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске

асты ма?(тапсырмалар сәйкес

болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Иә, орындалды. Себебі, тапсырмалар оқу мақсатына сай алынды.

Бүгін оқушылар «Егіннің бастары» мысал-өлеңіндегі кейіпкерлер іс-әрекеті мен образын өмірден мысалдар келтіре отырып аша алды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

Оқу мақсатына сай тапсырмалар алынып, оны оқушылар жақсы орындап, жүзеге асырды.

Оқушылар топтық жұмысқа бейімделгендіктен, уақытты тиімді пайдалана алдық.

Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Попс» әдісі

2: «Еркін жазу» әдісі

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Кері байланысты түрлендіру

2: Әдіс тәсілдерді түрлендіру

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы болжам жасау керектігін анықтадым, келесі сабақтарда әр оқушының жеке мүмкіндіктеріне басты назар аудару қажет.

Автор:
Алия Танабаева, Қаблиса жырау атындағы орта мектебі. Ескелді ауданы,Қайнарлы ауылы