Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жүрек жылуы


12 апреля 2019, 12:28 | 26 просмотров



Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: қайырымдылық, мейірімділік
Тренинг мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу;

Менің бүгінгі көңіл-күйім

Тренинг алдында сіздердің көңіл- күйлеріңізді тыңдап алсақ. Жұмсақ ойыншықты ұстай отырып, өздеріңіздің көңіл-күйлеріңізді білдіріп өтсеңіздер.

«Жіп бойындағы қағаздар»

Мақсаты:әр адамның ептілігін байқау. Дер кезінде тығырықтан  шығу  жолын қарастыру.Қатысушалар жіпке тағылған ақ қағаздарға сурет салады өз ойындағы. Келесі қатысушы ойын дамутып суретті аяқтады.

Мотивациясын ояту

Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын сусіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз

Сергіту сәті


Жаз айы, күн өте ыстық, келе жатыр едім алдымнан үлкен алма ағаш кездесті. Күннің ыстығына шыдамай әлгі алма ағаштың түбіне отыра кеттім. Басымды жоғары көтеріп едім бір алманы көрдім. Орынымнан түрегеліп әлгі алманы алайын деп оң қолымды созып едім қолым жетпеді, екі қолымды бірдей көтеріп, ұмтылып тұрып әлгі алманы жұлып алдым. Кенеттен бір аттың шауып бара жатқан дыбысы естілді. Бұрылып қарап едім қара жорға шауып барады екен. Қара жорға биіне бірге билейміз.

 

 

 

«Алақанға қан жүгірту»

Мақсаты: адам дене бойындағы қозғалысқа түспей тұрған қан тамырларын саусақ моторикасын қозғалысқа түсіру.Қолдарына  берілген шарды алақанға салып, айналдырып саусақ ұштарымен бірге қозғалтып келесі адамға ұсынады.

«Сиқырлы кілемше» ойыны

 

Ортаға жеті адам шығып кілемшені музыканың ырғағымен айналып, музыка тоқтағанда домалақтың артына жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1.Мені жұмыста соңғы кезде ренжіткен.....

2.Мені жұмыста соңғы кезде қуантқан....

  1. Жалғыз түйе бақырайық (мақалды жалғастыр)

    Жалғыз бала жылауық

  1. Сиырдың дауысын сал...
  2. Мен бастық болсам...

6.Тастағы жазуды көріп, кедей қуанып, бай жылапты ол қандай жазу (бәрі уақытша)

  1. Алма жеп тұрғанда одан құрт шықса одан да жаман не көруге болады. ( құрттың жартысын жеп қойдым ба?)

 

Алақанға жан бітіріп, қыз келбетін салыңыз!

Сіздерге  берілген ақ қағазға алақандарыңызды сызып сол алақанға жан бітіріп, қыздың келбетін өз ойларыңызды дамытып, салыңыздар.

Байланыстырғыш жіп

Мақсаты: ой бөлісу, еркін ашық өз ойларын ортаға салуға қалыптастыру.  Бүгінгі ашық  есік күнінен алған әсерлеріңізді жіпті тарату арқылы жеткізсеңіздер. Соңғы адам жіпті психологтің қолына қарай лақтырады психолог келген қонақтарға өз ойын білдіреді.

Автор:
Шынар БАҚЫТБЕК, №1 «Арай» балабақшасының психологы. Алакөл ауданы