Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ас атасы- нан


12 апреля 2019, 12:35 | 125 просмотров



Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатының, оның дастарханға                  

                       үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың   

                       құндылығы туралы түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет

                        сезімдерін, диқандар еңбегін бағалайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін,

                        диқандар еңбегін бағалай білуге ,еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Дамытушылық:Бақылағыштығын, қиял, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, желілі рөлді

                             ойынға, шығармашылық қиялын дамыту.

Әдіс –тәсілдері.Баяндау түсіндіру.сұрақ жауа,

Көрнекілігі: Тиым сөздер.суреттер, буклет

Сабақтың барысы: І Жылулық шеңбері

                                   Бір – біріне  деген жылы сөздерін арнау.

Үлкенге де сіз,ішігеде сіз,

Баршаңызыд құрметтеп, бас иеміз біз.

Армысыздар қоңақтар!

Армысыңдар достарым!

Дастарханында әр үйдің

Болсын қасиетті нанымыз!

 

Здравствуй солнце золотое

Здравствуй небо голубое!

Good morning my dear guests

Good morning my dear friends

 

 

 

Балалар, бүгіноқуқызметімізөтеерекше болмақ. Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріндер

 

Жұмбақ

Алтын сары тоны бар.  /Бидай/

Ортасында піскен ас. /Таба нан/

 

Неліктен біз «Ас атасы -нан»деп айтамыз? Қазақта «Ас атасы –нан» еген сөз бар. Яғни ,астың дәмнің үлкені-нан. Бала ақ ен қараны ажыратып, танымай тұрып ақ оған оңқолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге татамауды үйретеіНан қасиетті. Адам кез-келген тамақты екі кн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен, сол тамақтан жалығады. Бірақ, адам баласы наннан өмір бойы шықпайды. Нан –сән салтанаттың асыл діңгегі.

Балалар дастарханға келетін бір түйірнанға қаншама адам маңдай тері сіңеді.Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, тырмалап, жерге бидай дәнін себеді.

 Дәндер өсе бастайды.

Бидайдың сабақтары пайда болады.

Оны сушылар, не дихандар  суғарады.

 Бидайды орады, бастырады.

 Машинамен элеваторға тасиды.

Диірменге апарып тартады.

Машиналар  қап қап ұн тасиды.

Нан илейді. Нан пісіреді.

Нан таситын машинамен дайыннанды дүкенге әкеледі.

Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде

Нан дастарханда.

-Міне, балалар күнделіі жеп жүрген нанымыз онындай ұзақ та қиын жолдан өтіп, біздің диқаншыларға ,наубайшыларға, біздіңдатаранымызға келеді екен. Олай болса нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көрсетейік.

Нанға деген құрмет.

 

 

 

Сергіту сәті

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайын

Жүргізуге мен дайын.

Жарайсыңдар балалар. Бидай, нан туралы тағы қандай тақпақ , өлен білеміз?

 

 Нан анасы бидаймын

Елге астық симаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын

 

Астықты алқап - мақтаным,

Қамбамызда қап-қап ұн.

Қасиетті ұн мен нан,

Жасалады бидайдан.

 

 

Дастарқан басынан

Үзiлмес асыл дәм

Ақ тоқаш, ақ қалаш

Адамның асы - нан

 

 

Нанда өмiрдiң иiсi бар, дәмi бар,

Нанда өмiрдiң еңбегi бар, ары бар

Нанда өмiрдiң ана сүтi, арқауы

Нансыз жерде қай өмiрдiң сәнi бар.

 

 

Нан болмаса бағаңның кетерi бар

Нанмен ғана өмiрдiң өтерi бар

Жолда жатса егерде бiр үзiм нан

Арланбай-ақ, сен оны көтерiп ал! 

Дидактикалық ойын: «Не артық»

Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, нан  дастарханға қалай келетінін рет –ретімен  срет бойынша көрсету.

Тәрбиеші оқу қызметін дидактикалық ойынмен қорытындылайды.

Тыйым сөздер:

  1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
  2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
  3. Нанды аяқ асына тастама.

/ Аспазшы апай балаларға  тәтті тоқаштың илеу әдісін көрсетеді. Балалар аспазшы апайға  тәтті тоқаш жасап көмектеседі. Аспазшы апай балалардың жасаған тәтті тоқаштарын пісірп әкеліп береді/

Тәрбиеші: Қане, балалар мына тәтті тоқаштарды алып қоңақтарымызға ұсынайық.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің ерекше оқу қызметіміз не жайында болды? Нан- қасиет,

нан –береке, нан- мереке дегендей, сендер нанды қадірлеп, қастерлей білуіміз керек. Диқаншылардың маңдай терін бағалай білейік.

Дүниеде  байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі- осы нан байлығы.

Осымен «Ас атасы –нан» атты оқу қызметіміз аяқталды