Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР


15 апреля 2019, 09:37 | 82 просмотра



Сәуір айының 2-12 күндері аралығында өтетін
Фараби форумында Франция, Түркия, Гонконг, Польша,
Тәжікстан, Пәкістан, Ресей елдерінен келген танымал
шығыстанушы-ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасап,
зерттеу жұмыстарымен бөліседі.
Фараби форумы алты жылдан бері дәстүрлі түрде
өткізілетін, халықаралық деңгейге көтерілген, ауқымы
кең ғылыми-іс-шараға айналды. Сонымен қатар
бұл форум белгілі қазақстандық, танымал шетелдік
сарапшылардың пікір алмасу алаңына айналды. Кезекті
форумда екінші ұстаз, адамзаттың көрнекті ойшылы
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми
мұрасының маңызын арттыруға өз үлестерін қосып
жүрген, қазіргі заманғы ғылым мен білімнің дамуына
қызығушылық танытушы отандық және шетелдік
ғалымдар баяндамаларын ұсынды.
Форум бағыттары:
• Рухани жаңғыру: Ұлттық кодты сақтау мен дамыту;
• ХХІ ғасырдың жастары мен ғылымы: нақтылық пен
болашақ;
• Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және
қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері;
• ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты
даму мәселелері;
• Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-
технологиялық дамуын басқару;
• Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің
негізі ретінде
Қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтіп жатқан VI
Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен
тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін
шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін
біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-
шаралар кезегімен өтуде. Атап айтсақ:
2-3 сәуірде – «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI
Халықаралық Фараби форумы
3 сәуір – «Әл-Фарабидің рухани мұрасы мен қазіргі
заманғы Шығыс» тақырыбындағы халықаралық
ғылыми-практикалық конференция
4-6 сәуір – «Ботай мәдениеті және Орталық
Азиядағы энеолиттік ескерткіштер» атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция
5-6 сәуір – «Әл-Фарабидің аударма әлемі және
шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық
зерттеулердің трансформациясы» тақырыбындағы
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Зертханалық медицина бойынша І Халықаралық
Конгресс: «Клиникалық медицинадағы зертханалық
диагностика: дәстүрлер және жаңалықтар»
8-10 сәуір – «Фараби әлемі» студенттер мен жас
ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы
9-10 сәуір – «Қазақстан мультиполярлы әлемде:
экономикалық сценарийлер» халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы
10 сәуір – Академик Қ. Сәтбаевтың туғанына
120 жыл толуына орай «Қазақстан геологиясы мен
минералогиясын дамытудың өзекті мәселелері» атты
дөңгелек үстел
«Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және
ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясы
11 сәуір – Студенттік бизнес-инкубаторлардың
инновациялық жобалар байқауы;
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың
халықаралық ғылыми конференциясының жабылу
салтанаты
12 сәуір VI Халықаралық Фараби оқуларының
жабылуы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалым»
байқауының қорытындысы.
Халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде
лайықты орын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік
көшбасшы университеттің біріне айнала білген қара
шаңырақ ҚазҰУ қабырғасында білім алып жүргеніміз
үшін кеудемізді шаттық