Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тоқаев Өзбекстанға барды


15 апреля 2019, 09:51 | 545 просмотров



Қазақстан Президентінің борты Ташкент уақытымен 17.45-те Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға қонды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ташкент мэрі Джахонгир Артыкходжаевтар қарсы алды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. «Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттара қойылмақ. Сондай ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады», — деп жазды Берік Уәли.

Автор:
http://jasqazaq.kz