Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ЖАН - ЖАҚТЫ ДАМЫТУ


19 апреля 2019, 05:37 | 1 808 просмотров



Жанашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, негізделген педагогикалық өрісін табады.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектепалды даярлау үздіксіз білім беру, жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалар жатады. «Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы өмірді көреді. Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақтүсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты ө зіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше  қолдары сарай, қоршау т.б. жасай  бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрліер тегілерді  драмалау, ойын процесіне кіреді. Құм терапиясының маңызы:  Бала  өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ  моторикасы дамиды.

Құм терапиясының мақсаты: Балалардың  құм терапиясында  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі  іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:

  • Шығармашылық
  • Танымдық
  • Интеллектуалдық
  • қарым –қатынас

Әрекет үстіндегі құмды қолдану. Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

1.Әңгімелесу « бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)

  1. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді.
  2. ТРИЗ. Ойын «Құм: жақсы- жаман» балалар құмның пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды.
  3. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарастыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімейлейді. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Өз қиялындағы ертегіні құрастыр (ұсақ ойыншықтар, тастанды заттар, табиғи заттар, алдын-ала қағаздан, ермексаздан жасалған т.с.с.)

Қажетті материалдар мен жабдықтар

  1. Су өткізбейтін ағаш қорап. Қораптың ішкі қабаты (түбі және қабырғалары) көк немесе көгілдір түске боялады. Осылайша, түбі су, ал қабырғалары - аспан нышанын білдіреді.
  2. Таза, өзен құмы (алдын - ала жуылған, духовкада заласыздырылған). Ол тым ұсақ болмауы керек. Құм қораптың түбіне ғана толтырылады. Құмды ойындар үшін оның ылғалды болғаны дұрыс.

3.Түрлі – түсті құм. Мектепке дейінгі балалардың өздерінің

психо ұйымдастырылуына қарай ашық түстерге эмоционалды әсерленгіштіктерін ескере отырып, жұмыс барысында түрлі - түсті құм қолданылады.

  1. Шағын фигуралар «коллекциясы» (биіктігі 8 см - ден аспайтын «Киндер - сюрприздан»). Ойыншық жиынтықтарына мыналар кіреді: - адам кейіпкерлері; - жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.); - кӛліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.); - ӛсімдіктер (ағаштар, гүлдер, кӛкӛністер, жаңғақтар және т. б.); - табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.); - лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.); - Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алады. Егерде ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып жасауға болады. Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор. Құм терапиясының ойын түрлері -қолдарын құмға салу; -саусақтарының арасымен құмды уқалау; -қолдарын құмға жасыру; -құмды себелеп құю; -құммен сурет салу; -құмға сурет салады және соңында кӛңіл-күйлерін салады

Ляззат  Темирханова,

№ 5 ясли балабақша тәрбиешісі.Талдықорған қаласы.

 

Автор:
Ляззат Темирханова,№ 5 ясли балабақша тәрбиешісі.Талдықорған қаласы.