Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бастауыш сынып оқушыларымен сабақта өткізілетін ойынның маңызы


19 апреля 2019, 05:40 | 1 577 просмотров


Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу барысында үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың  маңызы зор. Сабақта тиімді пайдаланылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиімді  меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушылрады сергітіп, тапсырманы тез, ынтамен орындауға, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.  «Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға сандар таратылады, кеспе цифрлар үлестіріледі.  Мұғалім ауызша мысал айтқанда оқушылар  кеспе цифр көрсетеді. Оқушының ойланғыштық, ізденімпаздық қабілетін арттырады. Мысалы математика сабағында мынадай  деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады.1-ші деңгей :конвертте 4 сары, 4 көк, 1 қызыл түсті квадраттар;2-деңгей: конвертте 1 сары, 4 қызыл квадраттар және 4 жасыл үшбұрыш;3-деңгей: конвертте 4 көк үшбұрыш, 2 қызыл төртбұрыш салынған.Оқушыларға  осылардан әртүрлі  фигураларды құрастыруды тапсыру. Фигураларды құрастыра отырып, әдемілік сезіміне, ұқыптылыққа тәрбиелеу жүзеге асырылады. Үшбұрыш, төртбұрыш пайдаланып, Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын  оқушыға  айтқызу. Ұқсастығы: екеуі де геометриялық фигура.Айырмашылығы: төртбұрыштың 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар.Үшбұрыштың 3 үшбұрышы, 3 қабырғасы бар.

Оқушылардың ойланып, қызыға орындайтын жұмысы таяқшалармен жұмыс. Мұнда да әр оқушыға немесе әр партаға таяқшалар арқылы қайсыбір заттың формасын жасауды тапсыру. 1-деңгейдегі тапсырма: балтаның формасын жасау,2- деңгейдегі тапсырма: кілттің ,3-деңгей : құлыптың формасын жасауды тапсыру.Тапсырманы орындағанда оқушылар әрі ойланады әрі ойын ретінде қабылданғандықтан серпіліс ынта пайда болады. Кейбір өз жұмысын тез орындап болған оқушыларда қызығу күшейіп , олар тағыда құрастыруға өтініш білдіреді. Сабақ барысында бұлардан басқа да ойындар өткізуге болады.

Мысалы: «Менің орным қайда?». Үндемес «Баспалдақ». «Кім шапшаң?» , «Санды ойлап тап»   сияқты математикалық ойындарды үнемі сабақтың құрылымы мен мазмұнына орай түрлендіріп өткізуге болады. Әрине бұл жұмыстарды сыныптағы оқушылардың бәрі бірдей орындап кете алмайды,  тапсырманы мүлде орындамайтын оқушылар да болады, ойткені балалардың дағдылары, қабілеттері әртүрлі болады. Мұндай оқушылар әр жұмысты орындағанда бағыт беріп көмектесіп отыруды қажет етеді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығуын арттыру мақсатында сабақ арасында , сергіту сәттері, жұмбақ есептер, санамақ, өлең есептері өткізілуі тиіс. Жұмбақтарды шешкізумен қатар, оларды мазмұнына, ұйқасына, тыныс белгілеріне, мәнерлеп айтылуына да назар аудару қажет. Оқушылар сабаққа қызыға қатысады, олардың ойлану белсенділігі де арта түседі. Әсіресе 1-сыныпта ойын түрлерін қолдану өте тиімді деп санаймын. Өйткені ойын- адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.Балалар  ойын  арқылы    өмірден  көптеген  мәліметтер  алып, білімін  жетілдіреді.Ұлы  Абайдың «Ойын  ойнап,  ән  салмай  өсер  бала  бола  ма?»,  деген  пікірінен    бала  өміріндегі  ойынның  маңыздылығына  көз  жеткізуге   болады. Ойын  түрлері  өте   көп. Оқушы  сабақтың  қызықты  түрде   өткеннің  нәтижесінде   тақырыпты  терең  игеріп ,  оңай  еске  сақтайды.  Өйткені   бастауыш   сынып  оқушылары  жас  ерекшеліктеріне  байланысты   олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында оқушылар тез серігіп, жылдам дәл орындауға тырысады. Бастауыш сынып  оқушыларына ойын түрлерін қолдану,  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  арттырып, сабаққа белсенді қатысып түсінбегенін түсінуге тырысады. Әрине, бұл талапты күнделікті жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп ізденуіне, еңбектенуіне тура келеді. Өтетін тақырыпқа байланысты ойын түрлерін ойластыру, дайындау оңай жұмыс емес екені бәрімізге мәлім. Сондықтан мұғалім өз жұмысына барынша беріліп уақытын, күш-жігерін жұмсауға тиіс. Ойынның негізгі мақсаты –баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту емес, мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, белсенділігімен тіл байлығын  арттыра түсу, білім, білік шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқушылар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Ойын балалардың білімін шыңдап, ой –өрісін кеңейтеді.

         Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. 1-2 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолдануға болатын бірнеше ойын түрлері бар. Мысалы: «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Бұл ойын сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 4-5 минут көлемінде жүргізіледі. «Қай буынды жоғалттым?» Бұл ойынды мен  әліппені үйрету кезеңінде және буын тақырыбын өткенде қолдандым. Бұл ойынды сабақты пысықтау кезінде өткізсе болады. Келесі ойын «Бұл қалай өзгерген?» ойыны . Д-Т,Ү-Ұ, Б-П,О-Ө, және А-Ә әріптерін салыстыру кезінде қолдануға болады.  «Қай сөзді жоғалттым?» ойыны Бұл ойын 1-сыныпта сөз және сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргізіледі. Мысалы:   1. ............еріді. 2. ..........жылынды.3. Бұлбұл .................. 4. Ол ........... оқыды. 5. .............оқушымын. «Ізде -тап» ойыны. Ойын 1-сыныпта кісі аттарының бас әріппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады. Ойынға кісі аттарына сай бас әріппен және кіші әріппен жазылған бірнеше буындар дайындаймын. «Жалғасын тап» ойыны. «Көңілді көктем» ойыны. Қиындылар арқылы  көңілді көктем табиғатын құрастыру/тау, киік, өзен, күн, аққу, гүл/ Бұл ойынды 2-сыныпта  «Сын есім» тақырыбын өткен кезде қолданса болады. «Құс керуені» ойыны. Шарықтап ұшып бара жатқан құстардың әрқайсысының тапсырмалары болады. Осы тапсырмаларды орындау арқылы құстарды табиғатқа қондыру қажет.  Математика сабағын алатын болсақ мұнда ойын түрлері әртүрлі. Мысалы  1 сынып балаларына ұнайтын «Дабыл қағу» ойыны. Бұл ойын 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгерту барысында ойналады.  «Көрші -көрші» ойыны. Ойынның мазмұны: мұғалім бір санды атайды, мысалы жеті дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады.  «Тез ойла, сөз ойла» ойнымыз өте жиі қолданылады. А  әрпі бар сөздерді кім тез табады? Немесе кім көп айтады? Ол үшін сыныпты 3 топқа бөлуге болады. «Баспалдақ» ойыны өте қызық ойын. Б дыбысынан басталатын сөздер табу. Мысалы: би, бас, бинт, балға, баспақ, баспана, бауырсақ. «Сөзден сөз тер» ойынын жиі қолдануға болады.

Математика сабақтарында математикалық әзіл есептерді жиі қолданған тиімді. Оқушылар шаршағанда сергіту мен қатар, ойлауға тез тапқыштыққа үйрететін әзіл есептер. Мысалы: 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт қажет? Жауабы: 4 минут. 1 кг темір  мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр? Жауабы: бірдей. Математика сабағында «Ою құрастыру» ойынын қолданса болады. Жеке оюлардың сыртында тапсырмалар жазылады. Сол тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар ою  құрастырады. «Балық аулау» ойыны. Әрбір ұсталған балықта тапсырмалар болу керек. Мысалы қазақ тілі сабағында «Етістік» тақырыбында деңгейлік тапсырмалар орындатуға болады. Мысалы:І –деңгей /5 ұпай/    Кім не істейді? Деген сұраққа жауап жазу.Тігінші /тігеді/. Оқушы /оқиды/. Жазушы/жазады/.  Биші /билейді/ІІ –деңгей /10 ұпай/ Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып мақалды жазу.

Өнер білсең..............                                         Еліңді...........,ерлік.........

Әділ айтқан ...............                                       Еңбексіз іс......................

ІІІ-деңгей /15 ұпай/. «Көңілді қыс» тақырыбы бойынша әссе жазу. /Етістікті қатыстыру/Бұл деңгейлік тапсырмаларды  жаңа сабақты бекіту кезінде орындатуға болады.

С.Цаган, 

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі  және МЖИ КММ бастауыш сынып мұғалімі. Жамбыл ауданы.      

 

 

 

Автор:
С.Цаган, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ КММ бастауыш сынып мұғалімі. Жамбыл ауданы.