Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматыда II Қазақстан-Әжербайжан туристік форум өтті


19 апреля 2019, 05:47 | 1 093 просмотра



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматыда II Қазақстан-Әжербайжан туристік форум өтті

 

2019 жылдың 15 сәуірінде Алматыда екі елдің туризмін дамытуға және туристік ағымдардың өсуіне арналған II Қазақстан-Әзірбайжан туристік форумы өтті.

 

Форумда екі елдің туристік саланың  өкілдері, соның ішінде курорт, қонақ үйлер өкілдері мен ірі туроператорлар, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ҰК»   АҚ басшылығы қатысады.

 

«Бұл іс-шара Қазақстан мен Әзірбайжанның түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі аясында өзара әрекеттесуінің күшеюіне бағытталған. Астана-Баку-Астана, Ақтау-Баку-Ақтау, Алматы-Баку-Алматы бағдарлары бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың тұрақты рейстерімен қоса, осы айдан бастап Әзірбайжан авиалинияларының (AZAL) рейстері Баку мен Алматы арасында аптасына 2 рет ұшатын болды. Осыған байланысты, екі елдің туристік саласының өкілдері арасындағы байланыстарды орнату - туризмді дамытудағы келесі логикалық қадам болды», -  Тимур Дүйсенғалиев.

 

Қазақстан мен Әзірбайжанда туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Өткен жылы Түркі кеңесі мемлекеттердің мүшелерінің туризм  министрлері кездесу барысында  «Қазіргі заманғы Жібек жолы» бірлескен туристік өнім жобасын іске қосу және коммерциялық іске асыру туралы диалогты бастады. Сонымен қатар, «Жібек жолы»  бірыңғай визасы негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

 

Әзірбайжан Республикасының Алматыдағы өкілі Рамиль Рзаев Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовтың сөзін оқып берді. Онда біздің елдерімізде туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалғаны туралы және бұндай форумдардың өткізілуі - өзара әрекеттесулерді талқылау және өнімділікті дамыту үшін тамаша мүмкіндік екені айтылды.

 

Соңғы жылдары Әзірбайжан және Қазақстан үкіметтері туризм саласын дамытуға үлкен назар аударуда. Сонымен қатар, заманауи туристер саяхатта бір емес, аймақтың бірнеше еліне баруды қалағанымен, Әзірбайжан мен Қазақстанның бұл бағытта ынтымақтастығы қажет.

 

Автор:
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ