Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Туған елім-үміт оты жанған жерім»


22 апреля 2019, 10:35 | 1 820 просмотров



Туған елім-үміт оты жанған жерім»
Жастар жылы аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облысымыздың ақын-жазушылармен кездесті.
«Туған елім-үміт оты жанған жерім» атты басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс және Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Сағыныш Намазшамова мен жас ақын, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек қонаққа келді.
Кездесу Зияткерлік мектеп оқушыларының орындауында «Балбырауын» күйімен ашылды.
Іс-шарада білімгерлер ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармаларынан толық мәлімет берді. Содан кейін «Жас қаламгер» клубының мүшелері қонақтарға өз өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Жазушы Ерлан Жүніс «Хауас», «Ғаусар», «Киелі түндердің дұғасы», «Үміт жырлары» атты жыр кітаптарының жазылуы, ондағы кейіпкерлер жайлы айтып өтіп, «Нараду» поэмасынан үзінді оқыды. Ал Сағыныш Намазшамова көпшілікке өз әнін тамылжыта шырқаса, сондай-ақ, жас ақын Мұхтар Күмісбек «Алфавиттегі алты әріп», «Арман тамшылары» атты жыр жинақтарымен оқушыларды таныстырды. 
Жетісу өлкеміздің дарынды жазушы-ақындарымыз өздерінің жүрек жарды өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Кездесу кешін педагог-тәрбиеші Гүлнар Сейдахметова қорытындылады.
Міне, бүгін білімгерлер, сендер осы туған жерге, туған өлкеге, оның мәдениетіне, әдебиетіне өзінің шығармашылығымен, талантымен үлес қосып жүрген жас жазушы-ақындарымыз жайлы білдіңіздер және көркем шығармаларынан үзінділер оқып, эстетикалық рухани тәрбие алып, саналарыңызды рухани жаңғырттыңыздар»,-дей іс-шараға қатысқан қонақтарға алғысын жеткізді.
Кеш соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің интернат меңгерушісі Гүлнар Аукенова келген қонақтарға ескерткіш сыйлықтар тапсырса, ал кеш қонақтары өздерінің кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.

Автор:
Nis Taldykorgan