Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаз педагогикасы» балалардың уақытын тиімді пайдалану, жазғы демалысты ұйымдастыру туралы семинар-кеңес өткізді.


22 апреля 2019, 10:53 | 1 871 просмотр



2019 жылдың 19 сәуір күні Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайы базасында Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Жаз педагогикасы» балалардың уақытын тиімді пайдалану, жазғы демалысты ұйымдастыру туралы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы, жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету туралы сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен қарым-қатынас үшін ашық алаң құру семинардың мақсаты болып табылады.

Семинардың жұмысына Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құтқару жасағы», Алматы облысы ішкі істер департаменті өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, семинар қатысушылары балаларға жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері оның ішінде олардың су қоймалары жанында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі, балалардың жолдағы қозғалыс кезіндегі жарақаттар жағдайы, қызылша, кене энцефалиті бойынша эпидимиологиялық ахуал және алдын алу шаралары туралы сұрақтары талқыланады.