Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Интеграциялап оқыту зертханасы»


24 апреля 2019, 03:17 | 1 673 просмотра



Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссариаты басқармасымен «Интеграциялап оқыту зертханасы» жобасы аясында бірлесіп көптілді білім беру бағдарламасын тәжірибеге енгізу мақсатында қолайлы тілдік орта құру жағдайында көптілді білім беру саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекет өкілдерімен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикалары және Түркіменстан, Грузия, Монғолия, Украина, Эстония) Алматы қаласында аймақтық мектепте тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында көптілді білім беру бағдарламасын тәжірибеге пилоттық режимде енгізген 8 мектептің педагогтарына қолдау көрсетуде «Көптілді және көп мәдениетті білімді интеграциялау және дамыту: негізгі аспектілерді тиімді іске асыру» тақырыбында алғашқы семинар ұйымдастырылды.