Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Алматы облысының білім басқармасы


25 апреля 2019, 03:23 | 1 903 просмотра



«Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жалпы орта білім беру мекемелерінің талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарын анықтау, қолдау мақсатында 2019 жылы 24 сәуірде Талдықорған қаласы №14, №16 орта мектеп гимназиясы базасында «Заманауи сабақ - педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалін өткізді. 
Қазылар алқасы жұмысына І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымы, «НЗМ» ДББҰ Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, Талдықорған қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» педагогтары қамтылды.
Оқушыны ынталандыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалім тарапынан көп ізденуді қажет етеді. Фестивальде облыс педагогтары жаңа білім беру мазмұнын игерудегі өз тәжірибелерін ортаға салып, ықшам сабақтар өткізді. 
Сабаққа қойылатын талаптар: оқу мақсаттарының айқындылығы, сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерінің мақсатқа сәйкестігі, сабақта белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалануы, мұғалім қолданған ресурстардың тиімділігі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда нақты жұмыстың көрініс алуы, сабақ жоспарындағы барлық кезеңдердің қамтылуы, оқыту барысында жалпы ұлттық «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарының көрініс табуы, мұғалімнің оқыту үрдісінде кері байланыс беруі, мұғалімнің бағалаудағы іс-әрекеті, тақырыптың қамтылуы критерийлері бойынша бағаланды.