Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Менің туған өлкем - Жетісу»


25 апреля 2019, 03:42 | 2 986 просмотров



Ашық аспан галереясына қош келдіңіздер!
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Менің туған өлкем - Жетісу» атты жобасы аясында Алматы қаласынан солтүстікке қарай орналасқан «қола дәуірі», «архайкалық дәуір» ескерткіштері қатарынан орын алатын «Іле» өзені жағасындағы «Тамғалы тас» мекеніне саяхаттады.
Бұл іс-шара кезінде алғаш зерттелген аты әлемге әйгілі ғалым – Шоқан Уалихановтың тарихи ескерткішімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Көненің көзі – өмірдің өзі саналатын Таңбалы тастың тарихын танып білу оқушылардың тәрбиесі үшін маңызды. Мұндай пайдалы табиғат аясындағы рухани демалыс зиялы оқушылармыздың мәдени деңгейлерін көтерумен қатар олардың шығармашылық қарым-қабілетін арттыратыны сөзсіз. Назарбаев Зияткерлік мектебінің білімгерлері қазақ даласындағы қойнауы тарихқа тұнып тұрған тарихи және табиғи ескерткіштермен танысып, үлкен әсерге бөленіп қайтты.
Қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың өнер туындыларын тасқа қашалып салынған ескерткіштері яғни петроглифтері Қазақстанның барлық аймағынан табылды. Соның қатарындағы «Тамғалы тас» комплексі Қазақстанның ЮНЕСКО әлемдік мұрасы тізіміне кіргізілген Жетісу өңіріндегі ең ескі тарихи мұралардың бірі болып табылады. Шатқалдағы тастың бетіне түскен керемет суреттердің алғаш табылған уақыты – 1957 жылдың 19-қыркүйегі.
Саяхатымыз арқашанда таусылмасын!

Автор:
Nis Taldykorgan