Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бала тәрбиесі баршаға ортақ


26 апреля 2019, 04:27 | 668 просмотров


«Тәртіпсіз ел болмайды,

Тәртіпке бағынған құл болмайды»

Бауыржан Момышұлы

Қашанда болса да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Тәрбиенің мақсаты адам бойына ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесі – жауапты іс. Бала – біздің болашағымыз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді, мәдениетті, әдепті, кішіпейіл, қарапайым болуы өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып -  жер  иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып – ұлтты тәрбиелейміз. Бала тәрбиесінде отбасы үлкен рөл атқарады. Отбасындағы тәрбие баланың жеке  басының  қасиетін қалыптастырады. Отбасында  ата-ананың ықыласына бөленіп тәрбие алған бала көпшілік орында өз ісіне жауап бере алады. Баланы отбасында дұрыс тәрбиелеу, оның болашақта білімді, тәрбиелі азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Тәрбие басы – тал бесік. Бала тәрбиелеуде ата-ананың  бір-біріне деген  қарым-қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған-туыспен қарым-қатынасы, үлкенге деген құрметі, әдептілігі балаға әсер етеді. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала тәрбиесінде әке де  шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы  ерекшеліктерге көңіл бөлу керек. Баланы отбасында адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке ақылмен, сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеген дұрыс. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығына басым бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек». Баланы ақылмен, таза жүрекпен, адал еңбекпен тәрбиелеген жөн. Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болшағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін ата-ана, мектеп болып ат салысуымыз қажет. Бала бақытының кепілі ата-ананың  өнегелі тәрбиесінде.  Адам  баласының шыр етіп өмірге келгенде  көретіні ата-ана, ал ата-ана  өмірінің  жалғасы – бала. Өмірінің жалғасы баласының болашақта ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді азамат болып өсуі ата-ана қуанышы. Дұрыс тәрбие алған бала әрдайым ата-анасын қуантып отырады. Еліміздің  болашағы – тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ екені  даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ. Еліміздің келешекте қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбие сіңіретінімізге тікелей байланысты деген елбасы Н.Назарбаев. Сонымен, қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаз болып, ата-ана болып қолға алсақ, болашағымыз жарқын болмақ.

                                                                                                    

Автор:
М.А.Сұлтанғазиева, «Күншуақ» шипажайы тәрбиеші, Талдықорған қаласы