Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» өлеңі


26 апреля 2019, 04:29 | 6 559 просмотров


Сынып:  8А

Сақтың тақырыбы:  Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» өлеңі           

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.  

Сабақ  нәтижесі:Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Абайдың өмірі мен өскен ортасы  туралы берілген тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып, көркемдік ерекшеліктеріне талдайды және лирикалық кейіпкерге мінездеме бере алады. Топ қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Абай ақынға арнау өлең құрастырады, шағын шығарма жазып, эссе арқылы сабақтан өткен материалға қорытынды жазып, пікірін білдіре алады.

Бағалау  критерийі            Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік  әдеби шығарма

Ресурстар     Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер            : Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс:      Музыка, тарих

Алдыңғы оқу:         Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы

Сабақтың жоспары

            Сабақ барысы:      

Психологиялық ахуал қалыптастыру      

Топтарға бөлу.«Пазл» әдісі бойынша

  Майлықожа ақынның «Ілімге толса көкірек» толғауы арқылы сынып 3 топқа бөлініп отырады. Топ өз үзінділеріне қарай топ атын қояды.

1-топ Талап         2-топ Еңбек3-топ Қанағат

Жаңа білім

Білу және түсіну. Топтық жұмыс тапсырмалары.

І тапсырма.«20 секунд» стратегиясы

1-топ Абай Құнанбайұлының өмірі мен өскен ортасы

2-топ Ақынның шығармашылық мұрасы

3-топ Абай – лирик ақын

ІІ тапсырма.Қолдану. Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» өлеңін үнтаспадан тыңдау. Өлең мәтінімен танысу.

Ақын адамның қандай кездерін өлеңге қосқан?

Педагогика ғылымының кандидаты Нұрша Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша өлеңді талдау.

  1. Авторы. Абай Құнанбайүлы
  2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.
  3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
  4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.
  5. Шумақ. Өлең 7 шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
  6. Тармақ. Өлең 28 тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.
  7. Бунақ. Тармақ 2-3 бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
  8. Буын. Өлең 7-8 буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.
  9. Теңеу –

Эпиттет –

Метафора –

  1. Сөздік:
  2. Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, ақынның өлеңге қойған талабы арқылы поэзияны бағалауға шақырады
  3. Оқушыға өлең шумағын талдату
  4. Ұйқас түрі. Шалыс өлең ұйқасы.

ІІІ тапсырма.Талдау.

Тақырыппен жұмыс

І топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып талдаңыз.

ІІ топ. Өлеңнің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

ІІІ топ. Лирикалық кейіпкерге мінездеме беріңіз.

ІV тапсырма. Жинақтау.

Жаңа ұғымда және әрекет әдістерін пайдалану «Болжау» әдісі. «Нағыз азамат» қандай болу керек?

Шығармашылық тапсырма. «Болмасаң да, ұқсап бақ…»

І топ. «Ұлы ақын» атты Абай ақынға арнау өлең құрастыру.

ІІ топ. Шағын шығарма жазу.

ІІІ топ. «5 минуттық эссе» (Сабақта өтілген тақырып туралы оқушыларға 5 минут ішінде сұрақпен басталып, сұрақпен аяқталатын эссе жазу тапсырылады.)        Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 сұрақтар, орындық.

Сабақты бекіту

            Тест тапсырмасы

1.Ақын өнердің қай түрі туралы ой толғағанын көрсетіңіз.

Тәңірінің берген өнері,

Көк бұлттан ашылса.

 А) сурет өнері

  1. B) сәулет өнері
  2. C) сөз өнері
  3. D) қолөнері

2.«Сылдырап өңкей келісім» деген тармақтағы «келісім» сөзінің синонимдері –

 А) мәміле, бітім, тоқтам

  1. B) үйлесім, ұнасым, жарасым
  2. C) ұйғарым, шешім, кесім
  3. D) ымыра, бәтуа, түйін

3.«Әсте» сөзіне мәндес сөздер тобы –

 А) әрбір, әрне, әркім

  1. B) асылы, сірә, ешбір
  2. C) кейде, кей уақытта, кейбір
  3. D) беймезгіл, беймәлім, бейуақыт

4.Ауыспалы мәндегі тіркесті белгілеңіз.

 А) алды-артына қаранар

  1. B) дүние кірін жуынып
  2. C) адамның кейбір кездері
  3. D) білдірер алыс-жақынға

5.Берілген жолдарда пайдаланылған көркемдік тәсілді көрсетіңіз.  Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл.

 А) теңеу

  1. B) эпитет
  2. C) кейіптеу
  3. D) символ

Кері байланыс         

V тапсырма.Бағалау.  Өлеңнің құдіреті туралы сендердің ойларың кандай? Ақындықты қалай түсінесіңдер?

Кері байланыс кемесі

VI тапсырма.Үй тапсырмасы

  1. «Адамның кейбір кездері» өлеңін жаттау.
  2. «Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі» эссе жазу.
  3. Ардақ Аязбаева,   №14 орта мектеп-гимназиясы

    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талдықорған қаласы.

                                                                                   

Автор:
Ардақ Аязбаева,